Иірімі мен қатпары, қиындығы мен қызығы мол мына өмірде біреудің бағы жанады, енді бірінің соры маңдайынан бес елі асады. Үшіншісінің жолы болмай, жалғаннан баз кешеді. Иә, жолы болмағыштар арамызда тым көп.
1. 1993 жылы өткен футболдан Кока-кола Кубогында "Арсенал" ойыншысы Стив Морроу гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлайды. Дәстүр бойынша, топтастары оны иықтарына көтеріп, алаңды айналады. Алайда, қуаныштан естері ауысқан ойыншылар оны байқаусызда газонға түсіріп алды. Осы оқиғадан кейін бұғанасын сындырып алған Морроу маусым бойы ойынға қатыса алмай қалады.
2. Ыстықпен өзінше күреспек болған Кристос Бертос өзінің үйіне салқындатқыш (кондиционер) орнатады. Ол салқындатқыштың негізгі деталі ретінде ұшақтың алып перпеллерін (зырылдауық) қолданады. Өз ісіне мәз болған Бертсос құрылғыны қосқанда, салқындатқыш үйінің шатырын жұлып алып, беймәлім бағытқа ұшып кеткен.
3. Шеффилда жерінде тұратын зейнеткер өз үйінде жарықтың сөніп қалғандығына бола шу шығарғысы келмегендіктен, жиырма жыл бойы қараңғыда тұрып келген.
4. 1994 жылы Де Витта Финли есімді азаматтың машинасы АҚШ-тың солтүстігіндегі таулардың бірінде қалың қардан шыға алмай, тұрып қалады. Финли тығырықтан алып шығар жол іздеудің орнына "мені тауып қалар" деген ниетпен машинада қалып қояды. Ол сол жерде аштықтан көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, жігіт машинада бір айға жуық уақыт жатқан. Егер Финли машинадан түсіп, бірнеше метр жүргенде, таудан оп-оңай түсуге болатын жолды көрген болар еді.
5. 1981 жылы Ванда Эннис жанармай қоймасына қарумен барып, түгін қалдырмай тонап кетеді. Ертесіне осы тонаушылық оқиғаға қатысты репортажды көріп есінен ауысқан Ванда тонап жатқан жерімнен түсіріп алған екен деген оймен полицияға өзі барып беріледі.
6. Иван Макгвайр өзінің парашюттен қалай секіретіндігін видеокамераға түсірмекші болып, кішкентай ғана камераны дулығасына (шлем) қыстырып қояды. Камераға қатты беріліп кеткендігі соншалықты, Иван тікұшақтан секіргенде парашютті өзімен бірге алып кетуді есінен шығарып алыпты. Бейшараның быт-шыты шыққанымен, камераға ешқандай зиян тимеген.
7. Аргентиналық фокусшы шоуының ең соңғы бөлімінде өзінің ассистентінен қарумен басынан атуын сұрайды. Қарудың дыбысы шыққанда, фокусшы оқты салтанатты түрде аузынан алып беріпті (шамасы, фокус мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған болуы керек). Сол кезде залда отырған Марко Асперелла есімді адам қатты таңырқайды да: "Ал мынаны қағып алыңызшы!" деп өзінің тапаншасымен фокусшыны атып жібереді. Түрмеден бір-ақ шыққан Марко сот залының өзінде фокусшының оқты қалай қағып ала алмағандығын түсінбей отырғандығын жеткізіпті.
8. Нью-Йорктық екі заңгер өздерінің жұмыс ғимараттарының ішінде жүгіруден жарыспақ болады. Бақытсыздыққа орай олардың бірі өзін тоқтата алмай отыз тоғызыншы қабаттан секіріп кетеді.
9. Мюнхен жерінде теміржол апатына ұшыраған екі еркек қолдарынан айырылып қалады. Оқиға орнынан табылған қолдарды дәрігерлер тауып алады да, асығыстықпен ауыстырып жібереді. Бір қызығы, ота өте сәтті өтіп, зардап шеккен азаматтар жаңа қолдарды қабылдауға келіседі.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева