Джон Рахилль мен 3 орыс баласы
АҚШ-тан 1917 жылы Ресейде түсірілген теңдесcіз суреттер табылды. Фотоларды 1917-1918 жылдары Ресей мен Азияға саяхат жасаған Йель университетінің студенті Джон Рахилль түсіріпті. Бұл жәдігерлерді 100 жыл уақыт өткеннен кейін Калифорнияда өмір сүріп жатқан немересі тауып алды.
Фотосуреттер үйдің бір бұрышында елеусіз жатқан металл жәшіктен табылған. Қораптан, сонымен қатар, 500-ге жуық қолмен сызылған слайдтар шықты. Турист негізінен қарулы солдаттар мен қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін түсірген.
Суреттерді коллекционер Антон Орлов сатып алып, бұл туралы жеке блогында жария қылып, фотолар туралы ақпарат берді.
Джон Рахилль Ресейге революцияның басталғандығын ести сала 1917 жылдың күзінде жол тартыпты. Kodak фотоаппаратымен "қаруланған" ол I Дүниежүзілік соғыс кезінде жарақат алғандарға көмектесіп жатқан YMCA қайырымдылық қорына қосылып, тәуекелге бел буып, алыс сапарға аттанып кете барған.
Ол кейінірек Қытай мен Жапонияға жол тартты. Туған Америкасына оралған соң Джон көрген-білгендерімен бөлісіп, біраз уақыт бойы лекция өткізіп жүрген екен. Дегенмен 20 ғасырдың ортасында Ресейде жұмыс жасаған азаматтар "социализмге бүйректері бұрып тұрады" деп айыпталып, қоғамдық наразылыққа ұрынған.
Олай болса, 100 жыл бұрын түсірілген суреттерді Массагеттіктердің де назарына ұсыналық: