Шаштың саулығын ойлаған кез келген жан оған күтім керектігін де жақсы түсінер. Сау шаш қана қалың да, ұзын да, әдемі де бола алады. Демек, ойдағы шаш үлгісін жасау да мүмкін болмақ. Төмендегі маскаларды жасап, шашыңызды емдеңіз.
Бұл маскаларға қажеттінің барлығын ас бөлмеден-ақ таба аласыз. Сондықтан уақыт тауып, аптасына 1-2 реттен жасап тұрсаңыз, шашыңызға пайдасы көп.
1. Шаштың өсуін арттыратын маска
2 банан;
1 жұмыртқаның сарысы;
1 шай қасық лимон шырыны керек.
Бұлардың барлығын біртекті масса болғанша жақсылап араластырып, шашқа жағыңыз.
Басыңызға полиэтилен қап киіп, сыртынан жылылап ораңыз.
Жарты сағаттан кейін қарапайым сусабынмен басыңызды жуыңыз.
2. Шашты емдеуге арналған маска
1 стакан апельсин шырыны;
1 стакан айран.
Бұл екеуін жақсылап араластырып, шашқа жағып, басыңызды жылылап ораңыз.
Масканы жарты сағат ұстау да жеткілікті. Содан кейін жуып тастаңыз.