- Негізгі бет
- Сымбат
- Ыстық күнде спортпен...
Ыстық күнде спортпен айналысу: жазғы фитнестің 7 ережесі
Жазда жаттығулардан бас тартудың қажеті жоқ. Бірақ денсаулыққа зақым келтіріп алмас үшін жаттығуларды абайлап жасау керек. Жаз мезгілінде жаттығу жасаудың ережелері жайлы біле жүріңіз.
1. Жақсы желденетін, салқындатқышы бар бөлмеде жаттығыңыз. Денеге күш түсіретін жаттығулар (штанга, гантель көтеру) кезінде және жаттығу құрылғысымен жұмыс істегенде таза ауа әсіресе маңызды.
2. Өзіңізді тыңдаңыз! Егер ыстық күнде өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, басыңыз айналса, тамырдың жиі соғатынын байқасаңыз, батырсынып, рекордтар орнатуға асықпаңыз, ағзаңыз бұған рақмет айтпайды. Оданша кардио жаттығу құрылғысында жеңіл жаттығып қайтсаңыз болады. Ал күш түсіретін жаттығуларды ыстық басылған мезгілге қалдырыңыз.
3. Көбірек су ішуге тырысу. Ыстықта ағза көп мөлшерде ылғалдан айрылады. Әр жаттығудан кейін екі-үш жұтым су ішіп, жаттығу кезінде жалпы суды молынан ішу қажет.
4. Күш түсіретін жаттығуларды әдеттегіден азырақ жасаңыз. Егер сіз күні бойы салқын бөлмеде отырып, кешкісін салқын залға барып жаттығу жасасаңыз онда ештеңе өзгертудің қажеті жоқ. Бірақ егер сіз күні бойы ыстықта жүріп, шаршап, залға келсеңіз, онда мәселе басқа. Онда күш түсіретін жаттығуларды 30%-ға азайтыңыз.
5. Жеңіл киініңіз. Жаттығуларға жеңіл топтар мен шортылар таңдаңыз. Майкаңыз мақта матадан жасалған немесе селдір ендірмесі бар спорттық синтетикадан жасалған болса тіпті жақсы. Оған қоса киім, оның ішінде аяқ киім салмағы жағынан жеңіл болуы тиіс. Денеңіз ашық болған сайын ыстықта ауа өтуі жеңілдейді. Маңдайыңызға матадан таңғыш тағып алыңыз, ол терді сіңіріп алады.
6. Топтық жаттығуларға ден қойыңыз: пилатес, йога, фитбол жаттығуларына, аквааэробика және стрейчингке. Олардың бәрі байсалды және бірқалыпты жаттығулардан тұрады, дегенмен өте тиімді.
7. Жылы күнде таза ауада жаттыққан жақсы. Велосипед тебу (тек тауға қарсы бағытта емес, саябақ ішінде), жеңіл жүгіру, ролик тебу, бадминтон, волейбол ойнау. Бірақ мұны таңертең ерте жасау керек, осы уақытта ауа таза және салқын, күш те жеткілікті болады. Егер таңертең жаттыға алмайтын болсаңыз, жүгіру немесе ойындарды кешкі сағат 20-21-ге қалдырыңыз. Түсте саябақ көлеңкесінде жаттығуға болады, бірақ күн астында емес.
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina