ВВ-крем мен СС-кремнің айырмашылығын білу үшін олардың пайда болуынан бастайық. ВВ-кремнің бастапқы түрі Германияда пайда болған. 1968 жылы Кристин Шраммек тері қабыршақтануына қарсы құрал ойлап тапқан. Бұл құрал толықтай табиғи ингредиенттерден құралды. Осы құрал уақыт өте ВВ-кремге айналды.
ВВ-кремдер
ВВ-кремді неміс дерматологтары ойлап тапты. Оны пилингтер мен косметологиялық процедуралардан соң теріні қалпына келтіруші құрал ретінде қолданған. Ал оның жаңа түрі 1985 жылы пайда болып, Blemish Balm (кемшілікті жасыруға арналған бальзам) деген атау алды. Оны қысқартып, ВВ-кремді атап кетті.
Еуропада бұл кремге аса мән берілген жоқ, ал Оңтүстік Корея жаңа өнімнен болашағы бар құрал көрді. Олар оның формуласын жетілдіріп, пайдалы әрі жасартушы компонеттердің мөлшерін көбейтті.
ВВ-крем бөртпемен, қабынумен күресіп, бет реңкін тегістейтін болды. Сонымен қатар, ол макияж астына арналған негіз ретінде қолданылады, тері кемшіліктерін жасырады және күннің көзінен қорғайды.
2000-жылдардың басында Оңтүстік Кореяда өз зертханалары бар көптеген косметикалық брендтер пайда бола бастады. ВВ-крем өндірушілерді тері күтіміне арналған көп функциялы құрал ретінде қызықтыра бастады. 2006 жылы көпшілік корейлік косметикалық брендтер өздерінің ВВ-кремдерін шығара бастады.
Содан соң бұл кремге атақты еуропалық брендтер қызығушылық білдіріп, оны еуропалық әйелдердің ерекшеліктеріне бейімдеп шығарды. Сондықтан ол әлем бойынша кең тарала бастады. Бірақ ол енді Blemish Balm деп емес, Beauty Balm (сұлулық бальзамы) деп аталды. Еуропалық кремдердің азиялық кремдерге қарағанда текстурасында да, қасиетінде де айырмашылық бар.
ВВ-крем пайда болғанға дейін бет әрлеушілер макияж жағарда ылғалдандырғыш крем мен тональді кремді араластыратын. Сол кезде тері реңкін тегістейтін бальзам алатын. ВВ-крем осы нәтижені шығаруға мүмкіндік береді.
ВВ-крем теріні ылғалдандырады және тері реңкін тегістейді. Ол көпшілікке тональді крем секілді қалың қабат эффектісін бермейтіндігімен ұнайды.
ВВ-кремнің тағы бір артықшылығы – оның теріні ультракүлгіннен қорғау қасиеті. Қазір көптеген өндірушілер SPF 50 эффектісі бар ВВ-кремдер шығаруда. Күннің көзінің теріге зияны туралы ұмытпаңыз, ол терінің ерте қартаюына әкеледі. Сондықтан ыстық күні далаға шығарда тональді кремнің орнына SPF 50 эффектісі бар ВВ-крем жағып алыңыз.
ВВ-кремнің осыншама артықшылықтарына қарамастан ол күтім құралына жатпайтындығын ескеріңіз. Сол үшін күнделікті ылғалдандырушы қрем жағуды, теріге күтім жасауды ұмытпаңыз.
СС-кремдер
ВВ-кремдер табысқа жеткендіктен, Кореяда СС-кремдер пайда болды. Оның жалпы атауы – Color Control (түсті бақылау) немесе Сolor Сorrection (түсті түзету). Бұл құралдарда ВВ-кремдерге қарағанда тональді пигмент азырақ, бірақ күтім бойынша компоненттер (дәрумендер, гиалурон қышқылы, теңіз минералдары) көбірек болып келеді.
СС-крем тері кемшіліктерін айтарлықтай жасырмағанымен, тері реңкіне табиғилық сыйлайды және теріні ылғалдандырады. СС-кремнің текстурасы ВВ-кремге қарағанда жеңілірек: ол жеңіл ылғалдандырғыш және бет терісі реңкін базалық түзетуші ретінде қолданылады.
СС-кремнің құрамында жарық шағылыстырғыш және жарық сейілткіш қасиетке ие пигменттер бар. Егер теріңіз күңгірт болып кетсе, СС-крем реңкті түзетеді. Оның текстурасы жеңіл болғандықтан оны сезімтал көз айналасына да жағуға болады. СС-крем кез келген типті теріге келеді.
ВВ-крем – тональді құралдың жақсартылған нұсқасы, ал СС-крем – сергіту эффектісі бар түзеткіш.
Егер теріңіз проблемалық болса, ВВ-крем қатты тері кемшілігін жасыра алмайды. Ол тек үлкен емес тері кемшіліктерін ғана жасыра алады. Сондықтан бұл кезде текстурасы тығыз тональді крем қолдану керек болады.
ВВ-кремнің текстурасы майлырақ болғандықтан оны суық мерзімде қолданған жөн. Ал СС-крем – жаз мерзіміне арналған керемет құрал. Ол ВВ-крем сияқты майлы емес, сондықтан бетте жылтырап тұрмайды және оның да күннен қорғайтын әсері бар түрлері шығарылады.