Виктория Бэкхемнің диетологы Наташа Корретт тамақтану мәзірінің негізгі принциптерімен бөлісіп, қалай арықтау және жасару керектігін айтты.
Диетолог Наташа Корреттің тамақтану жүйесінің негізі азық-түліктерді сілтілі және қышқылға бөлуде жатыр. Сілтілі тағамдар — жақсы, ал қышқылды тағамдардың зиян екенін естіп жүрміз. Ағзада қышқылдық көбейсе, ұйқысыздық мазалап, теріңіз босап, құрғап кетеді. Соның себебінен әжімдер және безеулер пайда болады. Алайда қышқылды тағамдардан да толықтай бас тартуға болмайды. Сондықтан қышқылды-сілтілі теңгерімді сақтау қажет. Бұл жүйе бойынша қышқылды және сілтілі азық-түліктерді 30/70 қатынасына бөлу керек. Бұл теңгерімді сақтасаңыз, салмағыңыз орнына келіп, теріңіз жарқырай бастайды.
Cілтілі азық-түліктер (сілтілігі азаюы бойынша):
1. Ас содасы
2. Қызыл балдыр
3. Лимон
4. Жасымық
5. Лайм
6. Минералды су
7. Түйінді пияз
8. Құрма
9. Ананас
10. Асқабақ дәні
11. Теңіз тұзы
12. Теңіз орамжапырағы
13. Тәтті картоп
14. Мандарин
15. Көкөніс шырындары
16. Қарбыз
17. Киви
18. Кольраби (қырыққабаттың бір түрі)
19. Манго
20. Жасыл қыша
21. Зәйтүн
22. Ақжелкен
23. Бұршақ
24. Қара бұрыш
25. Таңқурай
26. Соя тұздығы
27. Алма
28. Өрік
29. Брокколи
30. Қауын
31. Сәбіз
32. Кешью
33. Апельсин
34. Сарымсақ
35. Занзабіл (имбирь)
36. Грейпфрут
37. Ақбас қырыққабаты
38. Түсті қырыққабат
39. Баклажан
40. Саңырауқұлақ
41. Жүзім
42. Кофе
Қышқылды азық-түліктер (қышқылдығы азаюы бойынша):
1. Сиыр еті
2. Нан
3. Қант
4. Какао
5. Бидай ұны
6. Картоп
7. Балмұздақ
8. Теңіз өнімдері
9. Макарон
10. Тұз
11. Йогурт
12. Арпа
13. Күріш
14. Жүгері
15. Сүзбе
16. Жұмыртқа ақуызы
17. Бұршақ тұқымдастар
18. Жержаңғақ
19. Пісте
20. Қара өрік
21. Қарабидай
22. Бұзау еті
23. Анар
24. Сірке суы
25. Қара шай
26. Қарақұмық
27. Сүт
28. Қой еті
29. Алхоры
30. Қызанақ
31. Кілегей майы
32. Кокос
33. Інжір
34. Қызыл балық
35. Ақ балық
36. Самырсын жаңғағы
37. Саумалдық
38. Өсімдік майы
Мысалы, егер сіз өте қышқылды тағамға жататын сиыр етін жегіңіз келсе, оны сілтілігі мол жасымықтан және пияздан жасалған гарнирмен жеп, содан соң сілтілі минералды су ішіп жіберіңіз. Осы кестемен жүрсеңіз, ағзаңыз барлық қажетті микроэлементтер мен дәрумендерді алып, сыртқы келбетіңізде едәуір өзгеріс байқайсыз.