- Негізгі бет
- Сымбат
- Ваннаға қалай, қашан...
Ваннаға қалай, қашан түсу керек?
Ваннаға түсу гигиеналық процедура. Ол теріні тазалай отырып, өңдендіріп, жақсартады. Біздің терімізді жұмыс кезінде шаң мен тер басатыны белгілі. Осындай кезде денемізге миллионнан астам ауру жұқтыратын бактериялар жабысса керек. Нақтырақ айтқанда, теріміздің әрбір шаршы сантиметрінде 40 мыңдай бактерия болады екен. Тек ваннаға түскеннен кейін ғана олардың 100 миллионы өледі. Сондықтан да күнделікті жуынудың, апта сайын моншаға барудың қаншалықты пайдасы барын айтып жатудың өзі артық.
Ал ваннаға түскенде өзіндік шарттарына кұлақ асыңыз:
- Тамаққа тойғаннан кейін ваннаға түспеңіз;
- Ыстық ваннаға түскен соң салқын сумен шайыну керек;
- Ваннада 10-15 минуттан артық отыруға болмайды;
- Ваннадан кейін бірден төсекке жатқан дұрыс. Егер күндіз қабылдасаңыз он бес минут тыныш жата тұрыңыз;
- Өте салқын ванна организмді шынықтырады. Бірақ, бүйрекке кері әсер етуі мүмкін;
- Өте ыстық ванна жүрекке әсер ететіндіктен, равматизммен ауыратындар ваннаны дәрігердің рұқсатымен ғана қабылдайды;
- Күнделікті қабылдайтын ваннаның суы 36 градус болуы қажет. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, сондай-ақ, түнде ұйқыңыз дұрысталады.
Іске сәт! Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!
Дереккөз: anabol.kz
Г. Берік