- Негізгі бет
- Сымбат
- Ұзын аяқты ару...
Ұзын аяқты ару атану оңай
Ұзын аяқтар қашанда жігіттердің назарында болған. Ұзын аяқты ару атанғыңыз келеді ме? Оңай!
1. Орта шамадан сәл ұзындау етіктер аяқты көзге ұзын қылып көрсетеді. Ал ботфорт етіктері керісінше қысқартады.
2. Өкше - міне нағыз аяқ ұзартқыш құрал. Тіпті 2 см-лік өкше аяғыңызды созып көрсетеді.
3. Шамалы күнге күйген аяқтар ұзынырақ көрінеді.
4. Қазір өте сәнді болып саналатын болтильондар мен қысқа етіктерді қысқа белдемшелер мен көйлектермен кимеген дұрыс, бұлай аласа көрінесіз. Ал тар джинсы шалбарменен, не сәл ұзындау белдемшемен олар аяғыңызды ұзартады.
5. Арқаңызды тік ұстаңыз. Арқасы тік, басын көтеріп жүретін қыздардың аяғы да ұзын, денесі де сымбатты, өзіне деген сенімділігі де көрініп тұрады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: zastavki.com
С. А