Ламинациялау процедурасынан кейін шаш көлемді және жылтыр бола түседі. Әдетте бұл процедураны сұлулық салонында жасайды. Үйде шаш ламинациялаудың 5 әдісін ұсынамыз. Көптеген маркалар үйде шаш ламинациялауға арналған өнім топтамасын шығарады. Әдетте, топтамаға сусабын, маска, кондиционер және ыстық, суық фазаға арналған бірнеше құрал кіреді. Алайда, үйде көмектесетін толықтай табиғи құралдар да бар. Әрине, олардан соң нәтиже ұзаққа шыдамайды, бірақ байқап көруге болады. Желатинмен ламинациялау Қажетті құралдар: - 1 ас қасық желатин; - 3 ас қасық қайнаған су; - 0,5 ас қасық шашқа арналған бальзам; - 1 шай қасық лимон суы; - аспаздық пакет. Желатинге суыған суды құйып, жақсылап араластырыңыз. Оны 20 минутқа қалдырыңыз. Содан соң оған шашқа арналған бальзам салып, тағы да араластырыңыз. Шашыңызды жуып алып, сүлгімен жайлап сүртіп, шашты бірнеше бөліктерге бөліп, дайын қоспаны жылдам жағып шығыңыз. Себебі, желатин тез кеуіп кетеді. Содан соң басыңызды аспаздық пакетпен орап, оның сыртынан қалың сүлгімен орап қойыңыз немесе бас киім киіп алыңыз. Әсерді күшейту үшін шашыңызды 10 минут шамасында фенмен қыздыруға болады. 30 минут өткен соң шашыңызды сусабынсыз жылы сумен шайып тастаңыз. Соңынан шашты лимон шырыны қосылған сумен шайып жіберген жөн. Майсана майыменламинациялау Қажетті құралдар: - майсана майы; - аспаздық пакет. Шашыңызды тарап, бірнеше бөлікке бөліңіз. Әрқайсысына май жағып шығыңыз. Шашыңызды жинап, аспаздық пакетпен орап тастаңыз. Оның сыртынан сүлгі ораңыз. Бір сағат бойына әлсін-әлсін фенмен қыздырып тұрыңыз. Содан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Кокос майыменламинациялау Қажетті құралдар: - кокос майы; - жұқалтыр (фольга). Шашыңызды бірнешеге бөліңіз. Кокос майын ерітіп, шашыңызға жағыңыз. Әр шаш бөлігін жұқалтырмен ораңыз. Содан соң жұқалтырдың сыртынан шаш түзеткішпен бір басып шығыңыз. 30 минут өткен соң жуып тастаңыз. Маскаменламинациялау Қажетті құралдар: - табиғи өнімдерден дайындалған үй маскасы; - жұқалтыр. Сүйікті табиғи маскаңызды жасап алыңыз. Шашыңызды тарап, бірнешеге бөліп, масканы жағыңыз. Әр шаш бөлігін жұқалтырмен орап, шаш түзеткішпен бір қыздырып шығыңыз. 1 сағаттан кейін жуып тастаңыз. Майлармен және глицеринменламинациялау Қажетті құралдар: - 1 ас қасық глицерин; - 2 ас қасық майсана майы; - 2 ас қасық зәйтүн майы; - аспаздық пакет. Зәйтүн майының орнына шаш күтіміне қолданып жүрген басқа майды алуға болады. Барлық ингредиенттерді араластырып, шашқа жағыңыз. Содан соң шашыңызды аспаздық пакетпен орап тастаңыз. Оның сыртынан орамалмен орап тастаңыз. 1 сағат өткен соң сусабынмен жуып алыңыз. Назар аударыңыз! Үйден шашламинациялау кезінде қоспаны бас терісіне жақпаңыз. Шаш түбінен 5 см-дей тастап, қалған ұзындығына жағыңыз. Ламинирлеуден соң ыстық құралдарды (фен, бұйралағыш, түзеткіш)1 тәулік қолданбай тұра тұрыңыз.Ламинациялаудышаш бояғаннан соң бірден жасауға болмайды және өте жұқа әрі әлсіз шаштарға жасауға тыйым салынады.