Әйелдер өздеріне көңіл бөліп, босаңсуға уақыт арнап тұрулары керек. Релаксацияның керемет әдісі SPA-процедуралар. Қазіргі кезде мұндай қызметтерді барлық салондар ұсынуда, алайда олар қойған қаржыны барлығының қалтасы көтере бермейді. Салондық SPA-күтімнің негізіне жататын скрабтар, майлай, шөптер және тастарды пайдаланып, қуаттандыратын және жылытатын процедураларды үйден жасауға болады. Скрабтар Үйде дайындалатын скраб негізіне кез келген өсімдік майлары, мысалы, зәйтүн немесе зығыр майы және тұз, қант, кофе, ұсақталған сұлы үлпегі, жаңғақтар жатады. Аяққа арналған пилинг тұзды скраб Тұзды скрабтың құрамына лимфа жүйесін жақсартатын минералдар мен микроэлементтер кіреді. Ол аяқ ісінуінің алдын алады. Оны дайындау үшін жарты стақан теңіз тұзын екі ас қасық зәйтүн майымен араластырыңыз. Қолға арналған пилинг қантты скраб Егер қол терісі әрдайым құрғақ болса, оған қарапайым крем көмектеспесе, қантты скраб жасап көріңіз. Ол үшін қантты жүзім дәнегі майымен араластырып, онымен қолыңызға массаж жасаңыз. Денеге арналған пилинг кофе скрабы Дене терісі жұмсақ болуы үшін жарты стақан ұнтақталған кофе түйіршіктеріне қайнаған су құйыңыз. Ол тығыз ботқа секілді болуы керек. Оған 2-3 ас қасық майлы қаймақ қосып, теріңізді уқалаңыз. Бетке арналған пилинг сұлы үлпегі мен жаңғақтардан жасалған скраб Бұл скраб салондағы процедуралардан да озып өтеді. Сұлы үлпегі мен жаңғақтарды тең үлесте блендерге салып, ұсақтаңыз. Тазалау процесін қоректендірумен үйлестіргіңіз келсе, скрабпен бетіңізді тазартқан соң, қоспаны теріде 10-15 минутқа қалдырыңыз. Майлар Өсімдік майлары массажға да, маска дайындауға да қолданылады. Қандай майды (зәйтүн, бадам, авокадо немесе ши) қолданатыныңызды өзіңіз шешіңіз. Майды шыдамды температураға дейін қыздырып, оған қолыңызды не аяғыңызды 10-15 минутқа салыңыз. Болған соң, артық майды жумай, қағаз майлықпен жайлап сүртіп алыңыз. Шөптер Кептірілген шөптерді дәріханадан ала аласыз. Олар арзан тұрады және шөптерді түрліше пайдалануға болады. Шөптік саше Боялмаған матадан (мысалы, ескі төсек жаймадан) 10:10 см болатын текше кесіп алып, оған 2-3 ас қасық кептірілген шөптер қоспасын салыңыз. Оған жөке, шайқурай, түймедақ, жалбыз жапырақтары келеді. Матаның шеттерін қап секілді тігіңіз. Мұндай сашені бетке немесе шашқа күтім жасауға арналған ваннаға қолдануға болады. Тастар SPA‑салондарда тастар өте қымбат тұратын стоун-терапия деп аталатын процедураға қолданылады. Бір кездері су жағасынан тастар жинаған боларсыз, оларды пайдаға асыруға болады. Табан массажы Аяққа ванна дайындаңыз, оның түбіне қырлары тегіс түрлі өлшемдегі тастарды қойыңыз. Аяқтарыңызбен тастарды 2-3 минут тапаңыз. Бетке арналған массаж Бетке арналған стоун-массажға екі дөңгелек тас керек. Біреуін ыстық суға, екіншісін тоңазытқышқа салып қойыңыз. Бетіңіз бен мойныңызды массаждық сызықтармен бірінші жылы таспен, содан соң суық таспен уқалаңыз.