Майлы бетке арнайы күтім жасау керек. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін үй жағдайында жасалатын косметикалық құралдарды пайдалану керек.
1-құрам
1 стақан суыған көк шайға 2 ас қасық лимон шырынын немесе спирт қосу керек. Қоспамен бетіңізді сүртіңіз.
2-құрам
1 лимонды дөңгелектеп кесу керек. Оны банкаға салып, жақсылап езіңіз. Содан соң жарты стақан су құйып, қақпақпен жауып қойыңыз. Бұл қоспа 1 апта тұнып тұруы қажет. Уақыты өткен соң сүзіп алып, бірдей көлемдегі минералды сумен араластырыңыз.
3-құрам
1 стақан салқындау қайнаған суға 1 ас қасық табиғи алма сіркесін қосып, жақсылап араластырыңыз.
4-құрам
Жарты стақан раушан гүлінің (солмаған) жапырақтарына жарты стақан табиғи алма сіркесін құйып, қақпағын мықтап жауып қойыңыз. Бұл қоспа 2 апта тұнып тұруы керек. Уақыты өткен соң сүзіп алып, 1 стақан салқындау минералды сумен араластырып, қолдану керек.
Бұл рецептілер лосьон жасауға арналған. Әрқайсысын бетке күнделікті жағып тұру керек.
Сурет: blogspot.com
Ұқсас жазбалар:
Сұлулық жемісі
Сұлу болудың бір сыры
Бет күтіміне арналған әдістер
Жігіттердің арманындағы ботагөз ару болу оңай ма?