Үрпиген шаш - әр қызда болатын мәселе. Таза шаштың электрленіп, түрлі жақтарға үрпиіп кетуі қандай да болсын шаш сәнін бұзады. Мына кеңестер сізге шаштың электрленуінен құтылуға көмектеседі.
Шашыңызды жылы сумен жуып, салқын сумен шайыңыз.
Шашты сусабынмен жуып, артынан шашқа арналған бальзам не кондиционер қолданыңыз. Бұл косметикалық құралдардың құрамына антистатикалық компоненттер кіреді.
Фен не шашты түзулейтін үтік қолданбас бұрын, шаштың ұштарына термоспрей шашыңыз.
Аптасына бір рет шашыңызға ылғалдандырушы маска жасаңыз. Ол шашты құрғап кетуден сақтайды, нәтижесінде статикалық электр күші жинамайды.
Табиғи маталардан тігілген бас киімдерді таңдаңыз. Синтетикалық түрлерін кисеңіз, оны жуғанда антистатик кондиционерді қолданған жөн.
Шашыңызды пластик не металл тарақтармен тарамаңыз. Электрленуге бейім шаштарды ағаш тарақпен тараған дұрыс.
Тараққа бірнеше тамшы лаванда майын тамызып, тараңыз. Бұл әдіс шаштағы электр зарядын бейтараптандырып, оларды жылтырата түседі.
Үрпиіп тұрған шаштарды жатқызу үшін қолыңызды сулап, шашты сипалап қойсаңыз да болады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: taylorandrew.com