Қыздар үшін бас ауыртар қиындықтардың бірі - тырнақтың сынуы. Қанша уақыт өсіріп, абайсызда сындырып алса... Сол сәтте одан асқан өкініш жоқ шығар. Тырнақ та тез сынғыш болуы мүмкін. Оның қандай себептері бар екен? 1. Генетика Тырнақтың сынғыштығы да тұқым қуалауы мүмкін. 2. Дәрумендердің жетіспеуі В және Д дәрумені жетіспесе тырнақ сынғыш келеді. Бұның алдын алу үшін ірімшік, балық, авокадо жеу қажет. 3. Микроэлементтердің жетіспеуі Микроэлементтер тырнақтың сау болуы үшін аса маңызды. Темір мен кальцийдің жетіспеуінен тырнақ сынғыш келеді. Мұндай жағдайда күнжіт, асқабақ жеу қажет. Сондай-ақ сүт өнімдері мен жаңғақ та пайдалы. 4. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы Ас қорыту жүйесінің ақауы бар адамдардың да тырнақтары сынғыш келеді. Денсаулыққа көңіл бөлу қажет. 5. Химиялық сұйықтық Кір жуатын, ыдыс жуатын химиялық сұйықтыртар да тырнақтарға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан мұндай заттарды мейілінше азырақ пайдалануға тырысу қажет. 6. Ауру Псориаз, саңырауқұлақ, экзема сияқты тері аурулары да тырнақты сынғыш етеді. 7. Химиятерапияның әсері Қатерлі ісікке шалдыққан кезде жүргізілетін химиятерапияның әсері шаш пен тырнақты сынғыш етеді. Дереккөз: reactor.inform.kz