Көптеген арулар тырнақтың жұқарып, сынғыш екенін айтып, оны емдейтін әдіс іздеумен болады. Нарзарларыңызға бірнеше маска түрлерін ұсынамыз:
1. Табиғи маска
Бірнеше ас қасық зәйтүн майы, бірнеше тамшы лимон шырыны мен бірнеше тамшы йодты араластырыңыз. Тырнақты қоспаға батырып, 5-10 минуттан кейін сабынсыз жуыңыз.
2. Йод
Тырнақтың қабыршақтануы мен сынғыштығын емдеу үшін йод жағыңыз. Ол тез сіңіп, нәрлендіреді.
3. Лимон
Тырнақтың сынғыштығына жақсы ем болатын әдістің бірі – лимон қолдану. 1 см қалыңдықтағы 2 бөлігін кесіп алыңыз. Екеуіне тырнақтарыңызды батырып, 5 минуттан кейін қолды жылы сумен жуып тастаңыз.
4. Қышқыл жидектер
Тырнақты мықты ететін жидектердің бірі – мүкжидек, қарақат, итбүлдірген. Осы жидектердің шырынын тырнаққа, тырнақтың айналасындағы теріге жағыңыз.
5. Өсімдік майы мен лимон шырыны
1 ас қасық өсімдік майына бірнеше тамшы лимон, эфир майын не лимон шырынын қосыңыз. Бұны тырнаққа 10 күн бойы күнделікті жағып тұрыңыз.
6. Тұз бен йод
Бұрыннан бері тұзды тырнақтың сынғыштығын емдеуге қолданып келеді. 1 стақан суға 1 ас қасық ас тұзы мен бірнеше тамшы йод қосыңыз. Мақтаны ерітіндіге малып, тырнаққа жағыңыз.
7. Қызыл бұрыш пен иісмай
1 шай қасық қызыл бұрыш пен 1 шай қасық кез келген иісмайдан қосып, араластырыңыз. Масканы жағып, 5 минут күтіңіз.
Сурет: i-want-to.org
Оқи отырыңыз:
Тырнақ күтімі неліктен маңызды?
Иісмайдың зияны бар ма?
Табиғи косметика: шаштың түсуін емдейтін маскалар
Безеуден құтылудың амалы