Қыста тырнақ дәрумендер жетіспеушілігінен қиналады, сондықтан тырнақ сынғыш бола түседі және қабыршақтана береді. Тырнақты қалпына келтіру және қатайту үшін рационға қандай азық-түліктер қосу керек?
Апельсин
Апельсин шырыны жалпы ағзаны сергітіп қана қоймай, сондай-ақ тырнақ пластинасын қатайтады. Оның себебі апельсин басқа да цитрусты жемістер секілді С дәрумені және темірге бай. Сондықтан апельсин шырыны тырнақтың қатты болуына көмектеседі.
Жұмыртқа
Жұмыртқа — ең пайдалы өнімдердің бірі екені бұрыннан белгілі. Оның құрамында тырнаққа және жалпы теріге пайдалы заттар бар. Жұмыртқаның құрамындағы күкірт бізге табиғи сұлулықты сақтауға қажет. Алайда жұмыртқа мен омлеттерді өте көп жемеген жөн: ол күшті аллергенге жатады.
Жаңғақтар
Жаңғақтар — диета кезінде тәттілерді ауыстыратын пайдалы тіскебасар ғана емес, сондай-ақ теріге, тырнаққа және шашқа қажетті барлық мүмкін дәрумендер мен минералдардың керемет көзі. Жаңғақтарда тырнақ құрылымын қалпына келтіретін мырыш бар.
Теңіз көкөністері
Тырнақ пен шашқа, жалпы ағзаға теңіз өнімдері мен балықтың пайдалы екенін білеміз. Сол секілді теңіз қырыққабаты және басқа да теңіз балдырлары тырнақты қатайтады және ағзаны зиянды уыттардан тазарта алады.
Асжапырақ (шпинат)
Асжапырақ ағзаның тазаруына ықпал етеді. Нәтижесінде, тырнақ секілді жеке элементтердің қалпына келуіне көмектеседі. Асжапырақта фолий қышқылы мен темірдің көп мөлшері және В тобы дәрумендері бар. Олар сау тырнақтың өсуіне және терінің жасаруына көмектеседі.
Қияр
Қияр 90% судан тұрады. Қияр ағзаны іштей ылғалдандыратындықтан, ол қолда дақтардың пайда болуын азайтады және тырнақ пластинасын жарқыратады.