- Негізгі бет
- Сымбат
- Тырнақ ұзындығы қандай...
Тырнақ ұзындығы қандай болуы керек?
Маникюр жасағанда тырнақ ұзындығына мән беріңіз. Бұл тырнақтың хал-жағдайына, қолдың келбетіне, сонымен қатар, жеке талғамыңызға байланысты. Ұзындығын әртүрлі етіп бірнеше рет маникюр жасатып көріңіз. Бұл сізге ең ыңғайлы және жарасымдысын таңдауға мүмкіндік береді.
Пішіні мен ұзындығын таңдайық
Тырнақ ұзындығы қолыңыздың өлшеміне байланысты. Білезігі кішкентай жіңішке саусақтарды ұзын, үшкір тырнақтармен әрлеуге кеңес берілмейді, өйткені олар өрескел және жасанды көрінетін болады. Буындары айқын ірі қолдарға бұрыштары аздап дөңгелектелген орташа ұзындықтағы шаршы пішінді пластиналар жарасады. Бұл қолдарға біраз биязылық пен нәзіктік сыйлайды. Ұзын түзу саусақтарды қысқа доғал тырнақтармен әрлеген жөн.
Тырнақтардың сырт келбеті мен оның жай-күйі де маңызды рөл атқарады. Егер тырнақ беті әдемі пішінімен ерекшеленбесе, 1-3 мм-ге дейін шетін бос қалдырып, пластинаның түрін өзгертуге болады. Бос шеттің ұзындығы көзге түспес үшін тырнақты қошқыл реңкті кез келген түстегі лакпен бояңыз.
Егер тырнақтарыңыз сынғыш болса, оларды өсірудің қажеті жоқ. Бір пластина бүлінген соң басқаларын да жөндеу керек болады, әйтпесе маникюр ұқыпсыз көрінеді. Мұндай тырнақтарға мүйісі үшкір шаршы пішін де жарамайды: үшкір мүйістер аса нәзік келеді. Ұтымды нұсқа – қысқа доғал тырнақтар.
Қолыңыздың пішініне ұзын пластиналар жарасып, бірақ олар тез сынып қала ма? Олай болса, тырнақтарды акрил немесе гель арқылы өсіріп мықты етуге болады. Ұзартылған тырнақтар міндетті түрде ұзын болу керек деген қағида жоқ. Оған кез келген форма беруге, соның ішінде табиғи етіп өсіруге де болады. Акрил нәзік, тегіс емес немесе түсі өңіп кеткен пластиналарды тез қалпына келтіреді.
Егер сән үрдісіне назар аударатын болсаңыз, ұзын үшкір тырнақтар баяғыда-ақ өзектілігін жоғалтқанын байқайсыз. Бүгінде орташа ұзындықтағы классикалық доғал пішінді тырнақтар сәнге кірді.
Сәнді маникюр: ұзындық пен түсін үйлестіру
Лак түсі де маңызды. Дұрыс таңдалған бояу сырт көзге тырнағыңызды ұзын немесе қысқа, жалпақ немесе жіңішке етіп көрсетеді. Тырнақтарыңызды ұзын етіп көрсеткіңіз келсе, қошқыл реңктерді пайдаланыңыз:
- қара
- қою көк,
- қошқыл сұр,
- қою қоңыр,
- күлгін.
Пластинаның дөңбек тұсын да лакпен бояңыз, әйтпесе маникюр ебедейсіз көрінеді. Күңгірт лактар тырнақтарды жалпақ, әрі қысқа етеді, сол себепті жылтыр бояуларды таңдаңыз.
Ақтан бастап сарғыш реңктерге дейін пастель түстер тым ұзын пластиналарды қысқа етіп көрсетуге көмектеседі. Мұндай құрылғылар ұзын маникюрді жақсы көретін, бірақ қолдарының тұрпайы көрінбегенін қалайтындар үшін ыңғайлы. Сонымен қатар, классикалық француз маникюрі де тырнақтарды біраз қысқа етіп көрсетеді.
Сурет: femy.ru, vizitki-shop.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina