Тырнағыңызда ақ дақтар, жолақтар пайда бола бастады ма? Ол нені білдіреді?
Тырнақ бетінде уақыт өте түрлі кемшіліктер пайда болуы мүмкін. Кейбіреулері тырнақ күтіміне байланысты болса, басқалары жалпы денсаулықтың сырқауларына, иммунитетке, ағзаға кейбір заттардың жетіспегендігінен болуы мүмкін.
Ақ дақтар. Тырнақта жиі пайда болатын ақ дақтар ағзаңызда темір мен мырыштың жетіспеуінен. Көлденең ұзын сызықтар - ағза А дәруменіне мұқтаж екендігінің белгісі. Сондай-ақ бұл асқорыту жүйесінің ауруын көрсетеді. Тырнақтың сарғайуы - ағзадағы көмірсу алмасуының бұзылғандығының бірден бір белгісі. Сыңғыш тырнақтар ағзаңыз фосфор мен кальцийді дұрыс қабылдамайтындығын көрсетеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: tumblr.com