Егер тырнағыңыз сау әрі әдемі болғанын қаласаңыз, оған күтім жасауды ұмытпаңыз. Ол үшін әрқашан сұлулық салондарына барудың қажеті жоқ. Аптасына бір рет үйде күтім жасағанның өзі жеткілікті. Бүгінгі материалда тырнақтың өсуіне және берік болуына көмектесетін маска дайындаудың жолын көрсетеміз.
Тырнақты қатайтатын құралдар әр түрлі болады. Жиі еститін тырнаққа арналған тұз, зәйтүн майы және лимоннан дайындалатын ванналардан басқа желатин маскасын жасауға болады. Желатиннің құрамындағы ақуыздар тырнақтың қатты, берік болуына көмегін тигізеді. Желатин маскасы тырнаққа сау түр беріп, дәрумендермен қамтамасыз етіп, жылдам өсуіне септігін тигізеді.
Қажетті ингредиенттер:
- 1 ас қасық желатин;
- 1 стақан қайнаған (ыстық емес) су.
Желатинді кез келген дүкеннен алуға болады. Бірақ оның бояусыз түрін алған жөн. Желатинді суда ерітеміз, ісінуге қоямыз. Егер желатин толықтай ерімесе, буға ұстаңыз. Қайнауға дейін апармаңыз, әйтпесе пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Желатин маскасын суытыңыз.
Масканы қолданар алдында тырнақтағы теріні арнайы құралмен итеріңіз, содан соң тырнаққа ылғалдандырушы крем жағыңыз. Тырнағыңызды дайын желатинге салып, 15-20 минут шамасында ұстайсыз. Желатин маскасын аптасына 3-4 рет жасаған жөн. Оныншы процедурадан соң нәтижені көре бастайсыз.