Күнделікті тұрмыста үнемі бір жерге асығып жүріп нәзік жаратылыс атаулысына тән жүрісті ұмытып кетеміз. Мұның өзі ер азаматтардың міндеттерін өз мойнымызға артып алғандығымыздан да болар. Шет елде мұндайдан арылу үшін арнайы нәзіктік пен эстетикалық талғамды, тіпті, үй шаруасын үйрететін арнайы мектептер бар екен. Бізде бұл әзірше дамымағандықтан, кеңестерімізге құлақ асып, тік жүруді үйреніңіздер.
Бойды тік ұстау
1. Ең алдымен тікесінен тұрып суретке түсіңіз де, өзіңізді сырттан байқап көріңіз. Сіз расымен де тік тұрсыз ба? Құлағыңыздан бастап, аяғыңызға дейін түзу сызық жүргізіңіз. Сіз тік тұрған болсаңыз сызық құлақтың ортасынан басталып, беліңіз бен тізеңізден өтіп, артынша тобыққа келіп тірелуі тиіс. Бұл жерде ең бастысы бойыңызды тік ұстай алмайтындығыңызды мойындап, оның қате жерлерін түзету.
2. Келесіде қателіктеріңізді мойындап, тік тұруға тырысып тағы да бір суретке түсіңіз. Тік жүру еш уақытта беліңізге ауырлық түсіріп, қиындық тудырмайды. Ауырлық арқаға түспей, керісінше дене салмағыңыздың аяғыңызға дұрыс түсуін қамтамасыз етеді. Әдетте біреулердің иықтары алға ұмтылып жатса, біреулердің керісінше бастары алға иіліп тұрады. Бұл сырт көзге жағымсыз болып көрінеді.
3. Өзіңізге көңіліңіз толмайынша суретке түсе беріңіз. Артынша тік жүруді әдетке айналдырыңыз. Жүрісіңізді түзеу сіздің ғана қолыңызда. Бұл үшін тек аз күш жұмсап, өзіңізді дұрыс бағыттай білсеңіз болғаны.
Түзу отыру
Аяғыңыздың бірінің үстіне бірі қойылмағандығы мен табаныңыздың толықтай жерге тиіп тұрғандығына көз жеткізіңіз. Иығыңызды жоғары көтеріңіз. Мұндайда арқаңыздың жоғарғы бөлігі тегістеліп, төменгі бөлігі аз бүгілуі тиіс. Ал басыңызды иықтарыңызбен бір осьте орналасатындай етіп қойыңыз.
Бойыңызды тік ұстап отыруды үйренген соң, аяқ айқастыру, бір шетке қарай бүгу секілді аздаған нәзіктікті де үйренуді ұмытпаңыз.
Аяқты бірінің үстіне бірін қойып отыру дегенді ұмытыңыз. Дәрігерлер мұндай отырыстың күре тамырларға әсері бар екендігін айтады. Мұнымен қатар, қан айналымына да кері әсерін тигізіп, түрлі аяқ ауруларының пайда болуына себепші. Тамырларды созып, варикоздар пайда болады. Ал варикоз әдемі аяқтарыңызды зақымдап қана қоймай, денсаулығыңызға да айтарлықтай зиянын тигізеді.
Медициналық зерттеулер бойынша, бұл отырыс дененің дірілдеуі мен шаншуға алып келеді.
Сонымен...
Қайда жүрсеңіз де жіпке тартылған қуыршақтай болып, тік жүру керектігін ұмытпаңыз. Кеудеңізді көтеріп, басыңызды тік ұстап, денеңіздегі артық майлардан арылыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ВК желісінен, lady.ru