- Негізгі бет
- Сымбат
- Тушь сақтау сырлары...
Тушь сақтау сырлары
Мамандардың айтуынша, кірпік бояуға арналған тушьтің қақпағы ашылғаннан кейінгі ғұмыры - 4-ақ ай. Жаңа тушіңіз одан да ұзақ сізге қызмет жасасын десеңіз, мына кеңестерді біліп жүріңіз.
- Кірпік бояғанда тушьтің жаққышын түтікке бірнеше рет салмаңыз. Себебі тушь сауытына ауа кіріп кетіп, артынан микробтардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Жаққышқа көбірек бояу жабыссын десеңіз, тушьті сауытына салып, айналдырыңыз.
- Жаққышта артық бояу қалса, оны түтіктің шетіне сүртпей, абайлап қағаз майлығымен сүртіп тастаңыз.
- Кірпіктеріңізді бояп тұрған сәтте түтікшені саусақпен жауып тұруды ұмытпаңыз. Осылайша түтікке артық ауаның, шаң-тозаңның кіруінен сақтайсыз.
- Бояу жақсы жатсын десеңіз, алдын ала тушь сауытын қолыңызбен не суда жылытып алыңыз.
- Кірпіктеріңізде түйіршіктер қалып жатса, жаққышты қағаз майлығымен сүртуді әдетке айналдырыңыз.
- Тушьқа су, май, басқа да еріткіш заттарды қоспаңыз. Бұл көзіңізде аллергия қоздыруы мүмкін. Тушь құрғап кетсе, оны лақтыруға тура келеді.
- Тушьті жуынатын бөлмеден, батареялардан, шамнан алыс сақтаңыз.
Міне, осындай оңай кеңестерді орындап жүрсеңіз, тушь өмірін тағы да бір-екі айға ұзарта аласыз. Есіңізде болсын, тушьтің иісі шығып, түйіршіктеніп, құрғап жатса, демек, оның уақыты келді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: melon-panda.livejournal.com
С. А