- Негізгі бет
- Сымбат
- Тушь қолданудағы қателіктер...
Тушь қолданудағы қателіктер
Көп бояна бермейтін қыздар да мейк-ап құралдарынан тушьты тастамай қолданады. Тушь - көзді тартымды қылатын бірден-бір құрал. Тушь қолданудағы қателіктерді біле отырып, мінсіз макияж жасаңыз.
Тым көп қабат жағасыз
Неғұрлым көп жағылған тушь соғұрлым жаман көрінеді. Ол ағады, қабыршақтанып түседі, көздің астында дақтар қалдырады. Кірпіктерді біріне-бірі жабыстырып, жасанды қылып көрсетеді. Ең дұрысы тушьты екі қабат жағу.
Тушьтың түтігін ұқыпсыз ашып-жабасыз
Тушьтың түтігін ұқыпсыз ашып-жабу кезінде ішіне түсетін ауа тушьты құрғатып, оны сапасыз қылады. Тушьтың кірпіктерде жиналып, қабыршақтануы да содан. Тушьтың жаққышын байыппен айналдыра отырып ашып, тура солай жабыңыз. Артық бояуды сулықпен сүртіп, бір тушьты 4 айдан көп қолданбауға тырысыңыз.
Кірпік түбін боямайсыз
Кірпіктердің ұшына ғана жағылған бояу оларды қысқарақ көрсетеді. Көздер тартымды болып көріну үшін кірпіктерді түбінен бастап жақсылап бояңыз.
Асығасыз
Жиі жағдайда тушь макияждың соңғы қадамдарының бірі болады. Сол кезде асығып, кірпіктеріңізді дұрыстап боямай, артынан ағып, қабыршақтанып түскен, қара іздерді байқайсыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: cosmopolitan.bg
С. А