- Негізгі бет
- Сымбат
- Тушь жаққышының түрлері...
Тушь жаққышының түрлері
Бүгінгі таңда кірпікке жағатын қарапайым тушь түрлерінің көптігі сонша, таңдау жасау қиындыққа айналады. Тушь жаққышының түрлерімен танысып, сізге керегін тауып көрелік.
Жаңа шыққан, заманауи, қымбат, әбден жарнамаланған тушь алдыңыз делік. Алайда неге екені белгісіз, ол арзан, бірнеше жыл бұрын шыққан қарапайым тушьқа жетпек түгілі, одан мың есе нашар болып шықты. Мәселе тушьтың өзінде емес. Кірпіктердің мінсіз боялуының 80%-ы тушь жаққышының пішініне байланысты екен. Яғни сіз өзіңізге қажет әсер, кірпіктеріңіздің ерекшеліктеріне қарай тушь таңдасаңыз, ол сүйікті косметика құралына айналуы әбден мүмкін.
1. Үлкен сопақ жаққыш ұзын не орташа ұзындықты кірпік иелеріне дәл келеді. Бұндай қалың жаққыш кірпіктерге жақсы көлем береді.
2,6,4. Стандартты жаққыштың түрі. Бұндай түзу жаққыш - әмбебап, теория жүзінде кез келген кірпіктерді жақсы бояуы тиіс. Айта кетсек, бұндай жаққыш қатты әсер бермейді, табиғи көрінгіңіз келсе, осындай түрін таңдаған жөн.
3. Бұл нөмірлі тушь кірпіктердің түбінен жақсы көлем береді, барлық кірпіктерді жақсылап бояйды.
5. Мына тушьтың бойында бірден 3 қасиет бар. Ол кірпіктерге жақсы көлем беріп, ұзартып, бұрайды. Қысқа кірпікті аруларға осындай жаққышты тушь таңдауға кеңес береміз.
7. Осындай біртүрлі пішінді тушь кірпіктерді жақсы бояп, бұрайды. Сондай-ақ түйіршіктер қалдырмайды. Жалпы осындай жаққышпен жағылған тушь кірпікте табиғи көрінеді, күндізгі макияж үшін мінсіз.
8. Бұралған мына жаққыш кірпіктеріңізді жақсылап бұрап, түбінен бастап керемет көлем береді. Ұзын да, қысқа да кірпіктерге жағуға болады.
9. 1-жаққышқа ұқсас, алайда одан сәл кішірек. Сол сияқты көлем беруге бағытталған.
Жаққыштың маңызды бөлігі - түгінің қалыңдығы мен ұзындығы. Түгі ұзын тушь кірпіктерді жақсы тарайды және кірпікте көп бояу қалдырады. Соған байланысты кірпіктер көлемді көрінеді.
Қысқа түкті жаққыштың жақсы жері - ол ең қысқа деген кірпіктерді бояй алады. Қысқа түкті тушьпен бояу оңайырақ болады.
Шеттерінде ғана түгі ұзын тушь кірпіктерді көтеріп, жоғары бағыттап, бұрайды. Ал шеттеріндегі қысқа жаққыш керемет көлем бере алады, сондай-ақ ол шеттегі кірпіктерді бояйды.
Біркелкі түкті жаққыш кірпікті қалың қылып көрсетіп, оларды бөледі, жұмсақ кірпіктерге жақсы. Бұранда пішінді тушь керісінше қатты кірпіктерге мінсіз келеді, оны кірпіктің түбінен бастап жағу керек.
Ал сіздің тушьыңыз қандай?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: beautezine.com
С. А