Түнде тамақ жемеу немесе алтыдан кейін тамақты тоқтату барлық диеталардың үйреншікті ережесі. Түнде асқазанға түскен тамақ міндетті түрде майға айналады деген сенім бар. Дегенмен, мұның барлығы шындыққа жанаса бермейді. Біріншіден, түнгі тамақтың бәрі зиян емес. Екіншіден, кейде түнгі аштық сезімі арықтауға кедергі келтіреді. Оның себебі сіздің күнделікті қабылдайтын және жұмсайтын калорияның мөлшеріне байланысты. Тамақ арқылы алынатын калория жұмсайтынның мөлшерінен артық болмауы тиіс. Ал, калорияны қай уақытта алатыныңыз маңызды емес.Әрине, бір хот-догті жеп ұйықтасаңыз, салмақ қосатыныңыз анық. Әйткенмен, бұл түнде аш жату керек дегенді білдірмейді.Түнде тамақ жеуге болады:Бірнеше жыл бұрын израильдік зерттеушілер нәтижесі таңқалдырмай қоймайтын қызықты тәжірибе жұмысын жүргізді. Кешкі сағат 8-ден соң тойып тамақтанатындар, таңертең тойып тамақ ішетіндерге қарағанда жылдам салмақ тастаған. Одан бөлек, кешке тамақтанғанды жаны сүйетіндер өздерін әлдеқайда бақытты сезінген. Бір рет кешкі астан бар тарту сіздің арықтайтыныңызға кепілдік бермейді. Көбіне адамдар кешкі ас ішпейтінін алға тартып, күндіз көп мөлшерде тамақтанады. Ұйықтап жатса да, адамның ағзасы белгілі бір мөлшерде энергия жұмсайды. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін ұйықтар алдында гликемиялық индексі төмен өнімдерді қолданған дұрыс. Олардың құрамындағы көмірсу майға айналмай, баяу түрде энергия көзі болады. Сондықтан, ағзаға калория аз мөлшерде, бірақ, ұзақ мерзімге жеткілікті мөлшерде түседі. Одан бөлек, ағзаға ұйықтар алдында триптофанға бай өнімдер қажет. Олардан серотонин бөлінеді де, ұйқыны жақсартады. Триптофанға бай өнімдерге соя соусы, сүт жатады. Шие де ұйқыны жақсартатын мелатонин гармонының негзігі көзі. Сонымен қатар, шөп шайлары мен сүт тағамдары ұйқыны қандырады. Кешкі уақыт отбасымен уақыт өткізетін, достармен бас қосатын сәт. Кешкі астан бас тарту арқылы адамдармен қарым-қатынасыңызға да дақ түсіресіз. Сондықтан, диетадан гөрі псиихологиялық құрбандыққа бармайтын дұрыс тамақтану режиміне көшкеніңіз дұрыс. Аштықтың орнына жеңіл кешкі асқа көшкеніңіз өзіңіз үшін де пайдалы. Сіз өзіңізді бақытты сезіну үшін арықтап жүрсіз ғой, солай емес пе? Түнде тамақ жеу дұрыс емес: Түнде тамақтану барысында сақ болған дұрыс. Тамақтануға болады деген оймен жоғары калориялы өнімді қорек ету асқазаныңызға ауырлық түсіріп қана қоймай, ұйқыңыздың қанбауына алып келеді.Кейбір адамдар кешкі асты көңіл көтеру, күйзеліспен күрес амалы ретінде көреді. Күнде кешкісін тамақтану, пайдалы тамақтан гөрі, тәтті шоколад, газды сусын, шырындар арқылы аштықпен күресу зиянын тигізеді әрі артық керек емес килограмм қосуға себепші болады. Бір ұйықтап, кейін тамақтанып алып, қайта ұйықтау да зиян. Әр нәрсені ақылмен пайдаланып білген дұрыс. Тамақтанудың өзіндік ережесі бар. Ережені бұзудың да салдары болатынын жадыңызда ұстағайсыз.