Біз бүгін сіздерге түнде жесеңіз де, дене бітіміңіздің құртылуына жол бермейтін тағамдарды ұсынбақпыз.
1. Бір стақан айран. Егер түн ортасында асқазаныңыз "әңгіме айта" бастаса, бір стақан айран ішіп алыңыз. Майлы айранның 100 грамында 56 Ккал, майлы емес айранның 100 грамында 30 Ккал мөлшерде калория болады.
2. Грейпфрут. Құрамында қант, органикалық қышқылдар бар дәмді әрі пайдалы жеміс артық майдан сақтайды. Сонымен қатар асқазан ауруын басады.
3. Ананастың бір тілімі. Ананастың бір тілімінің өзі ашқарынға айтарлықтай ем.
4. Алма. Алма да түн ішінде қарын тойғызады. "Алма жесем, артық май жинап алармын" деп ойлаушы да болмаңыз.
5. Аз ғана кептірілген жеміс. Егер түн ішінде тәтті жегіңіз келсе, онда кептірілген өрік пен кептірілген қараөріктен бір-екі тал жеп алғаныңыздың артықшылығы жоқ.
6. Аз ғана жаңғақ. Әрине, жаңғақта көп калория бар. Бірақ тәбетті жеңу үшін бір-екі тал жаңғақ жеуге тура келеді.
7. Бір банан. Бананның сыртын аша салып, жей салмаңыз. Оны алдымен майдалап турап, асықпай жеңіз.
8. Піскен көкөніс. Піскен көкөністі кішкентай ғана тәрелкеге салып, жеп алыңыз. Ол сіздің дене бітіміңіздің бұзылуына жол бермейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: getway.info