- Негізгі бет
- Сымбат
- Целлюлитті кетіруге көмектесетін...
Целлюлитті кетіруге көмектесетін қоспа жасап үйренейік
Целлюлит — көп қыз-келіншектің басты проблемасы. Оны кетірудің жолдары бар. Солардың бірі — майды қолдану.
Егер майды аптасына 4-6 рет жағып тұрсаңыз, 2-3 аптаның ішінде целлюлиттен құтыласыз. Сондай-ақ іш, аяқ пен бөксенің терісін тартып, қалыпқа келтіресіз.
100 мг зәйтүн майын 100 мг эфир майымен араластыру керек. Ол үшін гүлшетен, арша, тәтті миндаль, лимон, қалампыр эфир майларының әрқайсысынан 20 мг қосып пайдалану керек. Алдымен аллергияңыздың бар-жоғын анықтап алғаныңыз жөн. Оны білу үшін майдың бірнеше тамшысын білекке жағып, 30-40 минут күту керек. Осы уақыттың ішінде теріңіз қызарып, қышып, бөртіп кетпесе, демек майды пайдалануыңызға болады.
Майларды таза кішігірім банкаға құйып, жақсылап араластырыңыз. Нәтижесінде 200 гр қоспа болуы керек. Оны жылы, қараңғы және құрғақ жерде сақтау керек.
Пайдалану жолы:
Душқа түскен соң немесе скрабпен денеңізді тазартқаннан кейін майды қолдануыңызға болады. Оған дейін 2 сағат шамасында дезодорант не әтір қолданбаған жөн. Масссаждан кейін 10 сағаттан кейін ғана суға түсуге болады.
Майды теріңізге жағып, 10 минут бойы массаж жасап, уқалаңыз. Май теріңізге сіңуі керек. Жуып, тазартудың қажеті жоқ. Егер теріңіз тым құрғақ болса, массаждан кейін ылғалдандырушы иісмай жағу керек.
Бір апта өткен соң нәтижесін байқайсыз.
Ф. Абилова