Томпақ ерінге ие болудың 4 қадамы

Еріндеріңіз тым жіңішке болса, оның пішінін макияж арқылы түзеп үйреніңіз.

Дайындық

Біріншіден, ерінге көлем беретін құрал сатып алыңыз. Ондай бальзамды ерніңізге жағып, 5 минуттан кейін сүртіңіз. Құрамындағы коллаген атты зат ерінге қосымша көлем береді.

1-қадам

Ерніңіздің шекарасын арнайы қарындашпен не далаптың сыртқы үшкір жағымен сызып алыңыз. Қарындаш пен далаптың түстері бірдей болғаны дұрыс.

2-қадам

Ерніңізге өте жұқа қабатпен далап жағыңыз. Артынан қағаз сулықты ерніңізге бір басып алыңыз. Сонда далаптың түсі байқалмастай болады.

3-қадам

Ашық түсті жылтыр қарындашпен суреттегідей еріннің үсті жақ және асты жақ шекарасының ортаңғы бөлігін сызыңыз. Бұл сызықтарды еріннің шын шекарасынан сәл алысырақ салсаңыз болады.

4-қадам

Еріннің орта жағына бір тамшы жылтыр жағыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua