Ұйқының қанбауы – күнімен шаршаңқы күйде жүруіміздің жалғыз себебі емес. Мамандар адамдардың өзін шаршаңқы сезінуінің басты себептерін анықтады. Соларға назар салайық.
1. Шаршаңқы күйде жаттығудан бас тарту
Көптеген адамдар жаттығу залына бармасам, күш-қуатымды үнемдеймін деп ойлайды. Алайда, бұл – қате пікір. Керісінше, спорт сізге қуат береді. Зерттеу нәтижесі бойынша, көп отыратын адамдар спортпен 6 апта айналысқаннан кейін оларда қосымша қуат пайда болады. Аптасына 3 мезгіл 20 минуттық жаттығудың өзі де жеткілікті.
Физикалық жаттығулар күш пен төзімділікті арттырып, жүрек қызметін жақсартып, ағзаның оттек пен нәрлі заттарды жақсырақ сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан, егер бүгін жаттығу залына баруға уақытыңыз болмаса, ең болмағанда далаға шығып, серуендеп келіңіз.
2. Судың жетіспеуі
Техас диетологы Эми Гудсон ағзадағы судың мөлшері нормадан 2 пайызға азайып кетсе, күш-қуатымыз төмендейді деген тұжырымға келді. Ағзаға су жетіспесе, қан көлемі азайып, қоюланады. Жүрек қан айналымының қызметін тоқтатпау үшін көбірек қуатты талап етеді.
3. Темірдің жетіспеуі
Ағзаға темір жетіспесе өзіңізді баяу, ашуланшақ, әлсіз сезінесіз. Мұның және қаназдықтың алдын алу үшін үрме бұршақ, жасыл көкөністер, жаңғақ және жержаңғақ майы секілді тағамдармен тамақтануыңыз керек.
4. Перфекционист болу
Перфекционистер – үнемі дамып отыруға тырысатын, алдына жиі қиын, жаңа мақсаттар қойып, оларға жетуге барын салатын жандар. Олар қиналып, терлеп-тепшіп жеткен мақсатқа шын жүректен қуана да алмайды. Себебі, жету жолы тым ауыр болады. Психологтар оларға жұмысқа аса көп уақыт бөлмей, демалып тұруға кеңес береді.
5. Түймедейді түйедей ету
Үнемі қобалжып, қауіптеніп жүретін адам психологиялық тұрғыда тез шаршайды. Сондықтан, жаман ойдан өзіңізді аулақ ұстаңыз, терең дем алып, жымиып, «бәрі жақсы болатынына» өзіңізді сендіріңіз. Егер бұл әдіс көмектеспесе, медитация, спорт немесе бимен айналысуыңызға болады.
6. Таңғы асты ішпеу
Тамақ – ағзамыздың жанармайы. Біз ұйықтап жатқанда ағзамыз күнімен алған күшті қан айналымы мен оттекті қалпында ұстау үшін пайдаланады. Сондықтан, таңертең тамақтанып жүруіңіз керек. Таңғы асқа мюсли, сұлы ботқасын, жержаңғақ майын, қара нан немесе йогурт жеуіңізге болады.
Жалғасы бар...
Сурет: huffingtonpost.co.uk
Ұқсас жазба:
Дәрумен жетіспеушілігінің 5 белгісі