Тез шаршауымыздың себебі неде? #2

Үнемі шаршап, ұйқысырап жүруіміздің себебі неде?

Басы 

7. Фастфуд 

Құрамында қант, гликемиялық индексі жоғары көмірсулары көп тағамдар қандағы қантты көбейтіп жібереді. Бірден қанттың көбейіп кетуі адамды шаршатады. Сондықтан, бүтін дәнді және өсімдіктен жасалған тамақты жеп, қант құрамын қалыпта ұстауға тырысыңыз.

8. «Жоқ» дей алмау

Бәрінің көңілінен шығамын деп тырмысу да шаршаңқы күйге әкеледі. Ең жаманы – бұл қалыпты әдетке айналуы мүмкін. Жұмысқа демалыс күндері шығу, бүкіл сыныпқа тамақ дайындап келу сияқты бұйымтайларға «жоқ» деп жауап беруіңізге толық құқығыңыз бар екенін түсіне білуіңіз керек.

9. Кеңседегі ретсіздік

Жұмыс үстеліңіз затқа толып, көміліп жатса ісіңізге бөгет етеді. Жұмыс күні аяқталар кезде артық заттарды алып тастап, үстелді жинап қойыңыз.

10. Демалыс кезінде жұмыс жасау

Демалып жатудың орнына поштаңызды қайта-қайта тексересіз. Бұл да күштен айырып, шаршауға әкелетін әдеттің бірі. Демалыс кезінде жұмыс жайлы ұмытып, өзіңізге демалуға мұрша беріңіз. Бұл денеңіз бен миыңызға қалыпқа келуге көмектеседі. Жақсы демалыс сізді жұмысқа дайындап, жаңа идеялардың тууына себепші болады.

11. Ұйықтар алдында пошта тексеру

Барлық дерлік адамдар ұйықтар алдында телефонын, планшетын құшақтап жататыны рас. Ал экранның жарығы ұйықтауға бөгет болады. Сондықтан, ұйықтауға ең кемі 1 сағат қалғанда телефон, электронды құрылғыларды қолға алмауға тырысыңыз.

12. Кофеге сену

Таңертең кофе (сұрыпына қарай) ішудің еш зияны жоқ. Тіпті, күніне 3 кесе кофе ішуіңізге болады. Алайда кофеинді ол мөлшерден асыра ішу ұйқы нормасын бұзатынын есіңізде сақтаңыз.

Аденозин – бізге ұйықтауға көмектесетін белсенді жасушалардың жанама өнімі. Ал кофеин аденозинді тежейді. Сондықтан, кофені ең кеші – түскі уақытта ішуіңіз керек.

13. Демалыс күндері көп ұйықтау

Сенбі күні түнге дейін отырып, жексенбі күні түске дейін ұйықтасаңыз, кешке ерте жата алмайсыз. Ал бұл өз алдына дүйсенбі күні ерте тұруды қиындатады. Егер белгілі бір жағдаймен сенбі күні ерте жата алмасаңыз, жексенбі күні ерте тұруға тырысыңыз. Түсте жарты сағаттай ұйықтап алыңыз. 20 минуттық күндізгі ұйқы терең ұйқыға кетпей, ұйқы қандырып, демалуға көмектеседі.

Сурет: plus.google.com

Ұқсас жазба:

Бидің қандай пайдасы бар?