Тез арықтау үшін тоңазытқышта болуы керек 5 өнім

Дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру үшін ең алдымен үйге пайдалы өнімдер алып қою керек. Тоңазытқыш есігін ашқан кезде көз алдыңызда пайдалы өнімдер тұрса, солардың бірін алып жеу ықтималдылығы жоғары болады. Әрқашан үйіңізде болу керек арықтауға көмектесетін 5 өнімді ұсынамыз.

Жұмыртқа

Жұмыртқадан көптеген тамақ пісіруге болады. Бірақ арықтау үшін оны суға пісіріп жеген дұрыс. Жұмыртқадан дайындалған таңғы ас тәбетті бақылауда ұстауға көмектеседі. Оның калориясы аз және ол ұзаққа дейін тоқтық сезімін сыйлайды.

Көкөністер

Тоңазытқышта көкөністердің бірнеше түрі болуы керек. Оларды шикілей жеуге, салатқа қосуға, гарнир ретінде қолдануға, смузи жасауға болады. Көкөністер порцияға қосымша көлем береді және ағзаны дәрумендермен қанықтырады.

Маусымдық жеміс-жидектер

Тәтті бірдеңе жегіңіз келген кезде печенье немесе шоколад емес, маусымдық жеміс-жидектер жеңіз.

Салатқа арналған сапалы тұздық

Көпшілік диета кезінде майонез жеуге болмайды дейді де, оның орнына өсімдік майын қолданады. Алайда өсімдік майларының калориясы одан да көп. Ал салаттарға арналған дайын тұздықтардың ішінде консерванттар мен майлар бар. Сондықтан салатқа тұздықты өзіңіз дайындаңыз. Мысалы, салат дәмін жақсарту үшін лимонның суын пайдаланыңыз. Сондықтан үнемі қол астында цитрустылар болуы керек.

Құрамында ақуызы көп өнімдер

Йогурт, сүзбе секілді ақуызға бай өнімдер – пайдалы тіскебасарлар. Ақуызға бай өнімдер арықтауға көмектеседі және олардан кейін ұзаққа дейін тоқ жүресіз.