Теріңізге қауіпті 3 зат

Тері таза, сау болып, безеулер мен дақтардан сақтану үшін, оған күнделікті күтім көрсету керек. Алайда теріңізге қауіп төндіретін жасырын қауіп көздері де бар екен.

Ұялы телефон

Мамандардың айтуынша, күнделікті қолданатын ұялы телефон денсаулығымызға да, көңілімізге де, терінің жағдайына да әсер етеді. Телефонды ылғи бірге ұстап, кір үстелге қойып, қалтаға саламыз. Ол миллиондаған бактерияны тасушы болып, бетімізге тақап сөйлескеннен кейін терімізге әсерін қалдырады. Ал телефон қолданып болғаннан кейін қол жуу тіпті ойға кіріп-шықпайды. Жүргізілген сараптама адамның телефонындағы бактериялар саны әжетханадағы бактериялардан 10 есе көп екенін дәлелдеді. 

Не істеймін? Телефонды барынша сирек қолдануға тырысыңыз. Сөмкеңізде ылғи дымқыл сулықтар ұстап, арасында телефонды сүртіп жүріңіз. Қолданыста болған біреудің ескі телефонын сатып алмаңыз.

Көзәйнектер

Бактериялар көзілдірікте де жиналып, бетінде косметика, май, шаң қалып, бұның бәрі теріні қоздыруы мүмкін.

Не істеймін?

Көзілдіріктерді шешіп, үстелдің үстіне не сөмкеге сала салмаңыз. Оны арнайы қорабына салып жүрген жөн. Көзәйнектерге арналған арнайы сулықтармен жиі сүртіп жүріңіз.

Макияжға арналған жаққыштар

Сол баяғы бактерияларды тасымалдаушылар қатарына жататын тағы да бір зат - макияжға арналған жаққыштар. Жаққышта қалып қалған косметика тез бұзылып, теріңізді зақымдайды. Сондай-ақ жаққыш жасалынған материал теріңізде аллергия қоздыруы мүмкін.

Не істеймін? Макияж жаққыштарын апта сайын сабынды сумен жууды әдетке айналдырыңыз. Жаққыштарды басқа ешкімге бермеңіз. Ал жаққыштарды сатып алғанда, теріңізде аллергия қоздырмайтынына көз жеткізіңіз. Жаққыштардың арасынан жұмсағын, табиғи материалдардан жасалғанын таңдағаныңыз жөн.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: style4you.ru, beautytipshub.com