- Негізгі бет
- Сымбат
- Теріні жас күйінде...
Теріні жас күйінде сақтап қалуға болады
Уайым, ауру, кикілжің... Осындай факторлар терінің тез қартаюына әсер етеді. Терінің қартаюы ішкі ағзалардың қызметімен, ондағы аурулармен тікелей байланысты. Тағы қандай факторлар теріге кері әсер ете алады?
Қабақ түймеңіз
Ылғи қабақ түйіп, қапаланып жүрсеңіз, бетіңізде әжімнің пайда болуын тездетесіз. Бет бұлшықетін қайта-қайта ширата беріп, теріңіздің иілгіштігін кемітесіз, былайша айтқанда, созып тастайсыз. Бірақ күйзеліс қана теріге кері әсерін тигізеді деп айта алмаймыз.
Тері мен жүйке жүйесі жатырда жатқанда қалыптаса бастайды. Терідегі жүйке нүктелері бұл екеуінің ажырамас байланысын көрсетеді. Сол себепті зақымданған жүйке жүйесі терінің қабаттарына әсерін береді. Терінің сезгіштігі жоғарылап, табиғи қорғаныс қасиеті бұзылады, су жеткіліксіз болады. Бұның бәрі болашақта терінің саулығын бұзып, әжім мен басқа қиындықтарға әкеле алады.
Сыртқы қауіп
Күнделікті күйзеліске қоса, теріміз сыртқы факторлар әсерінен нашарлай бастайды. Кір ауа, экология, зиян сәулелер әсерінен бос радикалдар белсенділігін арттырып, оттегімен әсерлесу нәтижесінде қышқылданып, терінің бетін құрғақ, қорғансыз қылады.
3 дауа
Әрине басты дауа - өзіңізді тыныштандыра білу. Қоршаған ортадағы оғаш жағдайларға сабырлықпен қарап, тым әсерлі қабылдамауға тырысыңыз. Ал мына 3 дауа осы жолда сізге көмек береді.
Жүйке жүйесін тыныштандыратын жылы ванна кортизол – стресс гормонының шамасын реттейтін бірден-бір әдіс. Сонымен қатар, емдік шөптер қосылған суға түсу арқылы теріңізді қорғай аласыз.
Массаж денеңізді босаңсытып, аурулардан арылуға көмектесіп, жүйкеңізді тыныштандырып, керемет ұйқының кепілі болады.
Дұрыс тамақтану күйзелістен де арылуға көмектеседі. Тағамыңыз пайдалы, ауыр емес болсын. С және Е дәрумендері бос радикалдардан қорғаса, күрделі көмірсулар тыныштандыру қасиетіне ие.
Г. Берік