- Негізгі бет
- Сымбат
- Теріні әдемі ететін...
Теріні әдемі ететін қарапайым әдістер
Терінің сұлулығын сақтау ең бірінші кезекте сіздің бағалы уақытыңызды қажет етеді. Тері күтіміне уақыт бөлсеңіз, нәтижесі ұзақ күттірмейді. Тері сұлулығын сақтауға көмектесетін бірнеше әдістерді ұсынамыз.
Суық су
Су – жастығыңыз бен саулығыңыздың кепілі. Әсіресе, теріге суық су бағалы. Ол теріге тигенде қан айналымының қарқынын арттырып, ісінуді кетіреді және тонус береді. Сонымен қатар, ұйықтар алдында 1 стақан лимон қосылған су ішсеңіз, келесі күні теріңіздің ылғалдандырылғанын байқайсыз. Таңертең де лимон қосылған су артық етпейді. Ол зат алмасуды жақсартады және тері жағдайын бір қалыпта ұстап тұрады.
Көпфункциялы косметика
Көптеген косметика шығарушы компаниялар заманауи әйелдердің өмір сүрі дағдыларын ескере отырып бояну үдерісін тездететін құралдар шығарып келеді. Мысалы, қазір бетке де, ерінге де пайдалануға болатын бір далап секілді бояу түрлерін ұсынуда. Сондықтан уақыт үнемдеу үшін осындай косметика түрлерін алып жүрген жөн.
Спорт
Сымбатты сыртқы келбетті сақтау үшін қарапайым жаттығулар, йога немесе кардио жасау жеткілікті. Жаттығу жасау уақыт алғанымен, нәтижесі бірден көрінеді. Тональді кремдер терідегі кей кемшіліктерді жасырады, бірақ олармен күреспейді. Ал спорт олардың алдын алады және жоюға ықпал етеді.
Тері массажы
Уақытылы массаж жасау тері жасушаларына көбірек оттек жеткізуге көмектеседі. Коллагеннің өндірілуі көбейеді, сонымен бірге тері реңі де жақсарады. Массаж кезінде сүйікті ылғалдандырушы құралыңызды жақсаңыз, тіпті жақсы болады.
Сауна
Саунада буда отыру терідегі тереңде жатқан токсиндердің толықтай шығуына көмектеседі.
Дұрыс ұйқы
Дұрыс ұйықтау терінің сұлулығына ықпал етеді. Қалыптасқан 8 сағаттық ұйқыдан басқа тағы бірнеше ереже бар. Жібек немесе атлас жастықта ұйықтаңыз. Ұйықтарда шашыңызды қатты тартпай өріп жатыңыз немесе бос етіп буып қойыңыз. Себебі шашта да бактериялар мен тозаң болады, олар ұйқы кезінде теріге өтіп, безеудің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
А. Жапатова