Теріге арналған мәзір: затбелгіні оқу ережесі

Теріге арналған мәзір: затбелгіні оқу ережесі

Сан түрлі лосьон, гель, кремдер – әр әйел «сұлулық қорегінің» ажырамас бөлігі. Бастысы – қажетті құрамы барын таңдай білу. Қазіргі күні олардың көптігінен бас айналады, ажырату қиын. Дегенмен,затбелгіні әр сұлудың сауатты оқи білуі қажет!  

Негізгі ереже

  • Ингредиенттер азаймалы түрде тізбектеледі. Құрамдағы заттардың қайсысының пайыздық мөлшері көп болса, сол затбелгі тізімінің басында жазылады.  
  • Белгілі бір шөптің есімімен аталған кремде сол ғажайып-сығындының өзі затбелгінің соңғы жағында жазылса, таң қалмаңыз. Кремде белсенді заттар мөлшері, әдетте, 3 пайыздан аспайды. Дәл осындай концентрацияның арқасында, ол күнделікті қолдануға жарамды.   
  • Маскаларда, әсіресе сарсуларда «белсенді» компонент мөлшері жоғары болады. Яғни, құрамы жазылған тізімде олар алғашқы болуы тиіс. Сондықтан, ретинол не адамтамыр сығындысы затбелгінің соңына жазылған сарсулардан сақ болыңыз.
  • Қосындысыз (консервант) бірде-бір косметикалық құрал болмайды. Ерекшелік тек кәсіби ампулды косметикаға ғана тән. Олай болса, біріншіден, олар тізімнің ең соңында болуы тиіс. Екіншіден, бір өнімде қосынды саны үштен аспағаны абзал.   
  • Десе де, күрделі атаулардан шошымаңыз – олардың бәрі бірдей қорқынышты зат деген сөз емес. Мысалы, метил-глюкозид-сексвистеарат деген бар болғаны табиғи қанттың туындысы.
  • Міндетті түрде  жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз! Тек қана өнім жаңалығын тексеру үшін емес. Егер өндіруші гель немесе кремді 18 айдан көп уақыт сақтауға болады деп жазса, оның құрамындағы қосынды мөлшері шамадан тыс болуы ықтимал. Сусабын ғана бұл ережеге бағынбайды. Ол 24 ай қолдануға жарамды. 

Енді рет-ретімен. Яғни, құты-құтымен...

 

Әмбебап емдәм

Алдымен, дененің барлық жеріне (бет, дене терісі, шаш) пайдасы бар заттардан бастаймыз.

  • Вера Алоэы – сығынды, езбе не шырын ретінде – бұл өсімдік өзінің бірегей ылғалдандырғыш, жұмсартқыш және жайландырғыш қасиеттерін сақтайды. Құрамында табиғи UV-фильтр болады. Кез келген адамға жағады.
  • Протеиндер. Жібектің қалпына келтіру, жараны жазу әсері бар, терінің ылғалды сақтау қасиетін айтарлықтай көтереді, жарық, терең әжімнің пайда болуынан қорғап, қорғаныс бөгеуін бекітеді.
  • Табиғи жылы су тек қымбат косметикада қолданылады. Ол теріні ылғалдандырып, құрамындағы минералдар мен глюкозаның арқасында шамадан асырмай жақсы қоректендіреді.
  • ДәрумендерА дәруменінің  (ретинол не бета-каротин) өте жақсы қалпына келтіріп, жазатын әсері бар. С дәрумені тері жасушаларының иммунитетін күшейтіп, олардың өмірін ұзартады. Е дәрумені жастық дәрумені атына лайық ең мықты антиоксидант болып табылады. Соңғы екеуі жұптасса, жақсы жұмыс жасайды. Ал А және С дәрумендерін бірге қолданбаған дұрыс, оның үстіне бір күтімнің түрлі кезеңдерінде де кездеспегені абзал.     
  • Фитоэстрогендер – әйел гормонына ұқсас өсімдік гормоны. Теріні жасартып, ылғалдандырып, лифтинг жасайды. Олар көбіне табиғи эфир майларында, соя сығындысында, сонымен қатар бидай ұрығында және цитрус тектестерде кездеседі. 

Алдыңғы беті

Бет терісі қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне осал келеді. Сондықтан, оның балғындығы мен сұлулығын сақтау үшін күтімді күшейту қажет. 

 

  • Жеміс қышқылы қабыршақтанған жасушаларды түсіріп, эпидермистің  сыртқы қабатындағы заталмасуды тездетіп, беттің түсін жақсартады. Егер теріңіз қатты сезімтал болса, олардан сақ болғаныңыз дұрыс.
  • Гиалуронды қышқыл – бүгінгі таңда ең мықты ылғалдандырғыш. Қышқылдың бір молекуласы судың 100 молекуласына дейін «біріктіріп», оны терінің бетінен буландырмай, ұстап тұрады.
  • Коллаген – терінің созылғыштығы мен серпімділігіне жауапты жасуша құраушы ақуыз. Космецевтиканың соңғы өнімі - Коэнзим Q10. Коллагенді қоспалар кәрі және тозған (шаршаған) теріге жағылады.
  • Каолин немесе Ақ балшық – №1 күңгірттеуіш және сіңіруші құрал, майлы теріге арналған тазартқыш маскалардың, майлы шашқа арналған құралдардың ажырамас бөлігі, опаның құрамына кіреді. Егер теріңіз құрғақ болса, каолинді жиі қолданбауға тырысыңыз.

Дене пайдасы үшін 

Әйел денесінің ең қауіпті мәселесі – целюллит. Жинақы тұла-бойды сақтауға қандай ингредиенттер көмектеседі?

Кофеин барлық антицелюллитті құралдардың құрамына кіреді. Ол майды ерітіп, эпидермисті сергітіп, тері астындағы май жасушаларынан боқат (шлаки) шығарады.

Теңіз балдыры (сонымен қатар теңіз тұзы, балшығы т.б.) – барлық «теңіз өнімдері» эпидермистегі микро айналуды (микроциркуляция) шұғыл тездетіп, жасуша зат алмасуына дем беріп, теріні минералдармен қанықтырады.

Көк шай (сығындысы) – мықты антиоксидант. Боқат шығаруға, май жасушаларын ыдыратуға, тері қабаттарының жалпы сауығуына септігін тигізеді.

Экстракттар мен цитрус тектестердің эфир майлары. Лимон, грейпфрут, мандарин - олардың барлық туындыларының май еріту қабілеті жоғары және зат алмасуға дем береді.

Тек табиғи компонент екеніне сенімді болсаңыз ғана, қолданыңыз. Ал ол үшін... 

Бейкүнә айла?

Қақпандарды анықтап тануды үйреніңіз! Өндірушілердің оларды жасыруға қақы жоқ. Дегенмен, олар шарасыз қастықты әдемі сөздермен жасыруға тырысады.

Мысалы:

  • Липосомдар. Өз бетімен бар болғаны эпидермистің түбіне ене алатын микроорталар. Он шақты жыл бұрын липосомдарсыз тері бетінде қалатын белсенді заттар үшін «локомотив» қызметін атқарады деп есептелді. Бүгінде олардың тиімсіздігі толықтай дәлелденген. Одан басқа, нанотехнология дәуірінде өндірушілер белсенді заттарды бірнеше ұсақ фрагменттерге бөлуді үйренді. Енді олар эпидермистің ең терең қабаттарына емін-еркін жете алады.   
  • Кокос майы. Шашқа сіңімді қоректі компонент. Бас терісінің микроциркуляциясын жақсартып, оны провитаминдермен және минералды заттармен қанықтырып, шаштағы қорғаныс май қабыршағын қалпына келтіреді. Дегенмен, сусабын өндірушілер де бұл құпияны ашуға асықпайды. «Кокос сығындысының» астарында май емес, аса агрессиялы «тазартқыш» қоспа жасырылған. Ол затбелгінің басында емес, ортасында не соңында жазылуы қажет.  
  • Затбелгілердің тағы бір күрделі тақырыбы – эфир майлары. Егер сіздің «жұпар» косметикаңызда «100% табиғи эфир майы» деген маңызды формула көрсетілмесе, сіздің қолыңызда пайдасынан зияны көп жасанды не жартылай жасанды аналогы ғана. Табиғи еместігін «-иол» қосымшасынан да анықтауға болады : «гераниол», «лимониол», «цитрониол» – мұның барлығы «нағыз» эфир майына жатпайды, хош иістелген және синтезделген қоспалар ғана. 

Суреттер zdorovieinfo.ru сайтынан алынған