Ыстық күн теріміздің жақын досы дей алмаймыз: жазда бет терісіндегі ұсақ тесіктер кеңейіп, терінің жылтырауы еселене түседі. Бақытымызға орай, косметологтарда бет терісінің жылтырауы мен ұсақ тесіктерді тарылтатын көптеген құралдар бар.
Ерекшеліктері мен себептері
Май бездерінің қызметі бұзылған кезде артық майлар ұсақ тесіктерде жиналып, оларды кеңейтеді. Май бездерінің гиперсекрециясы тері майының құрамын өзгертіп, қабынуға әкеп соқтырады. Көбіне бұл эндокринді бездердің жұмысының бұзылуымен байланысты, сол себепті майлы тері көбіне жасөспірімдер мен гормоналды теңгерімсіздікке ұшыраған адамдарда кездеседі. Сонымен қатар, терінің ылғал үйлесімінің бұзылуы да себеп бола алады. Мұндай жағдайда эпидермис жасушасы ылғал жетіспегендіктен тегістеліп, аралары алшақтай бастайды, ал тері тесіктері кеңейіп, білініп тұратын болады. Жағдайды дұрыс тамақтанбау мен күйзелу одан сайын ушықтырады. Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Бірінші кезекте тері типіне байланысты терінің бетін дұрыс тазарту керек. Ыстық күнде тері тез кірлейді, сондықтан бұл кезеңде құрамына сілті кірмейтін көбік, гель, мусс пайдаланған жөн. Теріні құрғатып жібермес үшін суық сумен және сабынмен жумаған жөн. Терісі құрғақ қыздар сүтше немесе мицеллярлы су қолданғаны жөн.
1. Бітеу тесіктерді тазалауға арналған Expert Points Noirs, Payot құралы. Қара нүктелерге үш есе әсер етеді: теріні терең тазартады, бітелген тесіктерді босатады және тесіктерді тарылтады. 2. Майлы және қабынуға бейім теріге арналған тегістейтін Pure Fect Skin 2 in 1 Pore Mask, Biotherm тазартқыш гелі. 3. Ұсақ тесіктерді тарылтатын крем-гель «Чайное дерево», The Body Shop 4. Ұсақ тесіктерді тарылтатын, тегістейтін қоспа – Pore Refining Solutions Stay-Matte Hydrator, Clinique 5. Тесіктерді тарылтатын детокс-сарысу – Skin Targetters Serum, Givenchy 6. Безеуге қарсы және тесікті тарылтатын ролик, Yes To Tomatoes
Екіншіден, аптасына 1-2 рет теріні терең тазартыңыз. Ол үшін майды жеңіл ерітетін және жансыз жасушалар мен кірді кетіретін энзим қосылған пилинг пен скрабтарды тұтынуды ұсынамыз.
Өнімді тазалау барысындағы келесі қадам – тазартатын, себореттеуші және қабынуға қарсы әсері бар маска қолдану (аптасына 1-2 рет). Ереже бойынша, абсорбент ретінде ұсақ тесіктерді тарылтатын бетке арналған маскалар балшықтан, жүгері крахмалынан, полимерлі микробөлшектерден немесе микроталшықтардан тұрады. Ол терінің артық майын сіңіріп, тері бетінде жұқа қабат болып қалады, бұл сырт көзге терігің тегістігі әсерін береді. Қоспа алдын-ала тазартылған теріге жағылады, ал 3-5 минуттан кейін жұқа қабат пайда болғанда алынып тасталады.
1. Ұсақ тесіктерді тарылтуға арналған микротүлететін әсері бар лосьон – Effaclar, La Roche-Posay 2. Жоғары нәтижелі күтім – Sebo Vegetal, Yves Rocher, тесіктерді тарылтады. 3. Майлы және аралас теріге арналған тегістейтін флюид – Nectar Pur, Melvita. 4. Тесіктерді тарылтуға арналған сарысу – Refines and Smoothes Skin Texture, Clarins. 5. Теріге арналған ылғалдандыратын крем, V.I.F. 6. Тегістейтін мульсия Prep + Prime skin refined zone, M.A.C
Соңғы қадам – негізігі күтім ретінде себореттеуші ылғалдандыратын әсері бар крем пайдалану. Қыс пен жазда тері үшін жақсы жұмыс істеген кремдер жазда теріге тым ауыр болады. Көмекке өте жұқа қабатпен жағылатын өте жеңіл флюидтер келеді. Жеңіл текстура тез сіңуді қамтамасыз етеді, бұған қоса, мұндай тегістеуші құралдар кез келген тері типіне жарайды. Құрамынан ылғалдандырушы заттарды: полисахаридтер, гиалурон қышқылын және керамидтерді іздеңіз. Жазда қолданатын түнгі кремдер де жеңіл текстуралы болуы керек. Құрамында, сонымен қатар, ылғалдандыратын компоненттер, антиоксиданттар мен Е дәрумені болуы тиіс.
Не жеп, не ішетініңізге мұқият болыңыз. Асыңызға астық тұқымдастарын, құрғақ жемістер мен көкөністерді қосыңыз. Ішектің белсенді жұмыс істеуі кезінде жасұнық талшықтары ағзадан қорытылмаған тағамдарды шығаруға атсалысады.
Сурет: gazeta.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Бет теріңіз қандай?
Корей қыздарының құпиясы: бет терісін тазарту мен ылғалдандыру
Қара нүктелерді қалай жеңуге болады?