Тегіс тері — кез келген әйелдің арманы. Алайда әртүрлі факторларға байланысты теріге қызарған бөртпелер шығады. Бұл проблеманы жылдам әрі оңай шешудің бірнеше әдісін ұсынамыз.
Тіс пастасы
Бұл құрал үйде тері қызаруын жылдам кетіруге көмектеседі. Тіс пастасының құрғататын қасиеті бар және ол тітіркенуді жылдам баса алады. Ол үшін оны аздап қызарған жерлердің үстіне нүктелік әдіспен жағыңыз. Паста кепкен соң жылы сумен шайып тастаңыз.
Салицил қышқылы
Салицил қышқылын косметика өндірісінде қабынуға қарсы қолданады. Себебі ол антибактериялық және қабынуға қарсы қасетке ие. Бұл құрал дәріханаларда сатылады.
Шай ағашы
Шай ағашының органикалық майы — табиғи антисептик. Шай ағашының майы қабынуды жылдам басады.
Алоэ вера
Алоэ вера қабынуға бейім сезімтал теріге күтім жасауға қолданылады.
Мұз текшесі
Ол қызару мен ісінуді жылдам кетіре алады. Оның әсері жақсырақ болуы үшін түймедақ немесе қырмызыгүл қайнатпасын қатырып қоюға болады.