- Негізгі бет
- Сымбат
- Тері күтіміне көмектесетін...
Тері күтіміне көмектесетін мобильді қосымша шығарылды
Белгілі косметикалық бренд командасы Optune аталатын сандық тері күтімі жүйесін шығарды. Оның негізгі идеясы тері күтімі өнімдерін таңдауға көмек беретін дара тәсілінде болып тұр. Optune мобильді қосымшасы екі бағытта жұмыс істейді. Олар: цифрлық технологияларды қолдану арқылы терінің жай-күйін талдау және осы саладағы соңғы зерттеулерге негізделген сұлулық пен денсаулықты сақтауға арналған шешімдерді ұсыну.
Тұтынушы терісінің жай-күйі туралы деректер арнайы мобильді қосымша арқылы оқылады. Тері сапасы (оның біркелкілігі және ылғалдылық дәрежесі), сатып алушының ішкі үйлесімділіг мен көңіл-күйі және қазіргі уақытта ең жақсы тері күтімін таңдау үшін маңызды болып саналатын ауа-райы туралы деректерді талдау арқылы шешім қабылданады.
Осы жинақталған деректерді талдап, кейін сол адам терісіне пайдалы болатын өнім таңдау үшін Shiseido компаниясы бірегей алгоритмдер пайдаланады.
Бір жақсысы, косметикалық компаниялар сандық технологияларды игеруді бастап кетті. Бұл әр адамның дербестігін ескере отырып дұрыс шешім қабылдау арқылы жастық пен сұлулықты сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз.
А. Оралқызы