- Негізгі бет
- Сымбат
- Тері күтімі: қартаюға...
Тері күтімі: қартаюға қарсы қағидалар
Жиырма жасыңызда бетіңізге ештеңе жақпай, табиғи қалпын сақтап жүрсеңіз де, отыз жастан асқанда тері ақырындап қартая бастайды. Қанша жасқа толсаңыз да өңіңізді бермей, жас қалпыңызды сақтап қалу үшін қазірден теріңізге күтім жасау қажет.
Кеңседе жұмыс істейтін болсаңыз да жаз мезгілінде күннен қорғану құралдарын қолдануды ұмытпаңыз. Себебі UVA сәулесіне терезе де бөгет бола алмайды.
Бетіңізді ыстық сумен жумаңыз, әйтпесе липидті тосқауыл зақымданады. Жуынғаннан кейін теріңіз құрғақ, тартылған күйінде қалмасын.
Егер жасыңыз небары отызда болса, елу жастағыларға арналған жақпамай сатып алмаңыз. Жас адамның терісі мен жасы ұлғайған кісінің терісінде айырмашылық көп. Егер жақпамайдың ұсынылған жас мөлшеріне назар аудармасаңыз, тері өздігінен тазалануға қабілетсіз болып қалады. Сонымен қатар құрамы белсенді заттармен байытылған нәрсені үнемі пайдалану теріні одан ары қартайтады.
Егер ерте қартайғыңыз келмесе, бағасы арзан жақпамайларға «жоқ» деңіз. Арзан жақпамай терінің бір қабатын ылғалдандыру қызметінен ары аса алмайды. Теріңіз құрғап кетсе, әжім қайдан пайда болды деп таңданбаңыз.⠀
Күтім жасау құралдарының жарамдылық мерзіміне көп көңіл бөліңіз. Қанша қымбатқа сатып алсаңыз да, оның жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, теріге ешқандай пайдасы тимейді, керісінше зиянын ғана тигізеді.
Жиырма жасыңызда күтім жасауда қателік жіберсеңіз ол білінбей кетуі мүмкін, себебі бұл кезде жас теріңіз тез арада қайта қалпына келіп алады. Ал отыз жастан асқан кезде тері күтімінде жіберген қателіктің орнын толтыра алмайсыз.
@. @assel_assanova