- Негізгі бет
- Сымбат
- Тері кемшіліктерін жасыра...
Тері кемшіліктерін жасыра аласыз ба?
Жарнамадағы қыздардың беттері қалайша бір түсті, аппақ болып, еш кемшілігі болмайды? Қарапайым қыздардың беттері қанша косметика жақса да неліктен сондай болмайды? Сондай нәтижеге жету үшін кәсіби визажист мамандардың сиқырларымен таныс болыңыздар.
Қыздар бет терісіне көп көңіл бөліп, күтеді. Сонда да мінсіз бет терісіне әлі ешкім де жете алған жоқ. Безеулер, көз астындағы дақтар кейіпімізді бұзып, кешегі ұйқысыз өткен түнімізді байқатып қояды. Осы кемшіліктерді қалай жасыруға болады?
Бұл сұраққа жауап реңк беруші кремдерде жатыр. Түрлі консилер, корректор, реңк беруші кремдерді қолдана отыра, кез келген терінің кемшіліктерін жасыруға болады.
Көз астындағы дақтар
Дене түстес, сарылау консилер таңдаңыз. Жеңіл текстуралы, қою емес түрін таңдағаныңыз жөн. Консилерді саусағыңызбен жаққан дұрыс.
Ісіген көз
Түсі ашық корректор таңдаңыз. Алайда оны ісікке емес, ісіп тұрған жердің шекарасына жағыңыз. Осылайша оны байқалмайтын қыласыз.
Жарылып қалған капиллярлар, қызарып тұрған безеулер.
Жасыл түсті корректорды тура қызарып тұрған жерге жағыңыз.
Секпіл мен пигмент дақтары
Терінің бұл кемшіліктерін жасырамын десеңіз, күлгін не қызғылт корректор қолданыңыз.
Шаршаған тері, терінің сұрлығы
Реңк беруші креміңіз қызғылт не шабдалы түстес болса, теріңіздің шаршағаны көрінбей қалады.
Беттегі тыртықтар
Бұрыннан қалған ескі тыртықтар не жараларды қою консистенциялы реңк беруші крем жасыра алады. Жараңыз дөңес болса, оны теріңізден күңгірттеу түсті корректормен жасыра аласыз. Ал жараңыз ойыс болса, ашық түсті корректор қолданып көріңіз.
Корректорды синтетикалық талшықтан жасалынған жаққышпен жаққан жөн. Сондай-ақ саусақпен жағылған корректор теріңізге артық зақым тидірмей, тегіс жатады.
Әрине реңк беруші кремдер, консилер мен корректорлар теріміздің кемшіліктерін жасырып, өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Алайда терінің кемшіліктерімен косметикалық жолдармен және дұрыс тамақтану арқылы күресу керектігін ұмытпаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова.
Суреттер: happy-giraffe.ru, exquisemakeup.ru
С. А