Тазалық - саулық негізі демекші, бет терісінің саулығы мен сымбатының басты кепілі - оны дұрыстап тазалау. Мына кеңестерді қолданып, табиғи көріктігіңізді ұзаққа сақтап қалыңыз.
Бет пен мойын терісін күніне 2 рет: таңертең және кешке тазалаңыз. Ұйқы алдындағы бет терісін тазалау дауасын ерекше мұқият өткізіңіз. Тіпті макияж қолданбасаңыз да, күніне бетке шаң-тозаң қонып, ұсақ тесіктерге жиналады.
Бетіңізге шыққан безеуді сығуға, тіпті оған тиюге де болмайды. Кір саусақпен қабынып тұрған безеуге тисеңіз, ішіне инфекция кіргізіп, жағдайды қиындата аласыз. Безеуге құрғататын гель жаққан дұрыс. Алайда мұндай гельдің бір тамшысын ғана жағыңыз, егер оны шамадан көп қолдансаңыз, тері майды көбірек шығара бастайды, ал бұл жаңа безеулерге әкеле алады.
Шыдамай, безеуді сығып қойсаңыз, артынан оны залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Кейін арнайы сығылған безеулерді емдейтін крем жағып қойыңыз.
Бет терісіне арналған косметика таңдағанда, құрамында бензоил пероксид, азелин не салицил қышқылы бар түрлеріне көңіл бөліңіз. Бұл қосылыстар қабынуға қарсы. Күнделікті креміңіз теріні ылғалдандыруы керек, бірақ тым майлы түрін таңдамаған жөн.
Құрамында ретиноидтар бар кремдер тер құрамында коллагеннің бөлінуін қадағалап, әжімдерді тартып, теріге жақсы әсер көрсетеді.
Макияж бен косметиканы ұқыпты пайдаланыңыз. Түрлі макияж құралдары мен бет терісіне арналған косметиканы тым жиі қолданбаңыз. Бұл теріні зақымдап, тері бетіне бөлінетін майдың жұмысын бұзады.
Дем алуға уақыт табыңыз. Стресс пен шамадан тыс шаршау терінің аса нәзік болуына әкеледі. Табиғи балансы бұзылған теріде су мөлшері азайып, жағдайы нашарлайды. Сондықтан уақытыңыз тығыз болса да, дем алып, өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Сіз осы ережелерді ұстанасыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: dailyglow.com