- Негізгі бет
- Сымбат
- Тай диетасы: мінсіз...
Тай диетасы: мінсіз мүсін, қуатты иммунитет, әдемі ажар
Көпшілікке кеңінен танылған диета түрлерінің бірі – тай диетасы. Ол тек артық салмақтан арылтып қана қоймай, ағзаның жалпы жағдайын да жақсартады. Бар-жоғы екі аптаның ішінде иммунитетіңізді көтеріп, тіпті терінің жайы да оңала түспек.
Тай диетасының мәзірі
Бірінші күн.
Таңертең: қантсыз қара кофе;
Түсте: суға пісірілген 2 жұмыртқа, буға пісірілген көкөністер;
Кешке: буға пісірілген балық, теңіз орамжапырағы.
Екінші күн.
Таңертең: қантсыз кофе, бір жапырақ қара нан;
Түсте: буға не суға пісірілген қызыл балық, зәйтүн майымен араластырылған орамжапырақ салаты.
Кешке: суда пісірілген 200 г майсыз сиыр еті, майсыз (майлылығы төмен) айран.
Үшінші күн.
Таңертең: 1 кесе көк шай;
Түсте: 1 шикі жұмыртқа, лимон шырыны қосылған шикі сәбізден салат;
Кешке: алма (мөлшерін өзіңіз білесіз).
Төртінші күн.
Таңертең: қантсыз кофе;
Түсте: тауық сорпасынан суп-пюре, алма;
Кешке: суда пісірілген 2 жұмыртқа, суда пісірілген 200 г майсыз сиыр еті, көкөніс салаты.
Бесінші күн.
Таңертең: лимон шырыны қосылған шикі сәбізден салат;
Түсте: буға пісірілген балық, томат шырыны;
Кешке: буға не суға пісірілген қызыл балық, зәйтүн майымен араластырылған орамжапырақ салаты.
Алтыншы күн.
Таңертең: қантсыз көк шай;
Түсте: суда пісірілген тауық еті, зәйтүн майымен араластырылған қызанақ салаты;
Кешке: суда пісірілген 2 жұмыртқа, көкөніс шырыны.
Жетінші күн.
Таңертең: қантсыз көк шай;
Түсте: суда пісірілген 200 г сиыр еті, ананас;
Кешке: суда пісірілген 500 г тауық еті, теңіз орамжапырағы.
Бір аптадан кейін-ақ нәтиже анық байқалатын болады. Мұндай диетамен күніне 700-800 г артық салмақтан арыласыз. Жылдам арықтағысы келетіндер үшін бұл – таптырмас диета. Кез келген диета кезінде күнделікті ішетін сұйықтықтың мөлшерін 2 литрден асыруға болмайтынын ұмытпаңыз.
Дереккөз: anabol.kz
Ж. Жұмағұлов