- Негізгі бет
- Сымбат
- Тау шаңғылық демалысқа...
Тау шаңғылық демалысқа қажетті косметика
Тауға шаңғы тебуге аттанбас бұрын, онда қажет болатын косметикалық құралдарды біліп алыңыз.
Термалды су
Таудағы ауа құрғақ келеді, сондықтан теріңіз құрғап, қабыршақтанып кете алады. Бұдан сақтану үшін бетіңізге термалды су шашып тұрыңыз.
SPF көрсеткіші бар крем
Таудағы күннің әсері жағажайдағы күнмен бірдей. Сондықтан міндетті түрде SPF 20 қоректендіргіш кремін жағыңыз. Осылайша таудағы жел, аяз, ультрафиолет сәулелерінен қорғанасыз.
Ылғалдандырғыш түнгі крем
Күні бойы таза ауада спортпен белсенді түрде айналысқаннан кейін, теріңізге ылғалдандыру қажет. Түнгі крем ерекше ылғалдандырғыш, теріні қалпына келтіретін болсын. Кремнің орнына белсенді компоненттері бар сарсу таңдасаңыз болады.
Ерінге арналған бальзам
Оны күртешенің қалтасына салып, күні бойы жағып жүріңіз. Бальзамның құрамында гиалурон қышқылы болғаны дұрыс. Далап пен ерінге арналған жылтырлардан осы жолы бас тартыңыз, олардың құрамында спирт, ментол, глицерин болады, ал бұл құрамдас бөліктер онсыз да құрғақ ерін терісін құрғатады.
Қол кремі
Суық жел мен аяз қол терісін құрғатып жібере алады. Нәтижесінде тері қабыршақтанып, жарылады. Күні бойы қолғап киіп жүрсеңіз де, қолға қоректендіргіш кремін жағып жүруді ұмытпаңыз.
Аяққа арналған крем
Тауда шаңғы теуіп, қар атысып ойнайсыз. Бар салмақ аяққа түсіп, бұл күні ерекше шаршайтын боласыз. Сол себепті ісікті, шаршағанды басатын аяққа арналған қоректендіргіш крем қажет болады.
Хош иісті душқа арналған гель
Иісі сергітетін душқа арналған гель қуат беріп, сергітеді. Көңіліңізді көтеріп, тауларды бағындыруға рухтандырады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: ziza.qip.ru
С. А