- Негізгі бет
- Сымбат
- Тарбағанның иісі арықтауға...
Тарбағанның иісі арықтауға таптырмас әдіс (видео)
Алекс Фонтейн есімді кәсіпкер көпшілік ерлер мен әйелдер секілді әлемдегі барлық диеталарды қолданып көрген. Тіпті, ол гипнотерапия мен кит дыбысы шығатын бассейнде де жүзіп көріпті. Алайда, арықтаудың бір реті келмейді.
Алекске тоңазытқыштың есігін ашып, ішіндегіні жеуге бір-ақ нәрсе кедергі болған - иіс. Өз тәбетінің иіспен бір байланысты екенін түсініп, сосын ол басына мынадай бір қызықты ой түйеді. Арада иіс жасап шығарады. Әлгі иістің жағымсыз болғаны соншалықты, жеуге деген түпкілікті тәбетінен айырған...
Қазірдің өзінде ол 10 келідей салмақ тастап үлгеріпті және бүкіл әлемге өз сырымен бөлісуде.
Түсініп отырғандарыңыздай, осы бір "хош иістің" басты сыры - сасық иіс. Иіс сезу түйсігі ерте кезден адамдарға астың дәмділігін анықтауға, сонымен бірге, ата-балабаларымыз асты жеуге болар-болмасын да сол иіс арқылы анықтап отырған. Бүгінде ол түсініктен алшақ кетсек те, иіс әлі күнге астың ұнау-ұнамауы төңірегінде маңыздылыққа ие. Міне, Алекс те осы бір әдіс арқылы өзінің миын дене қалпына көп зиян тигізіп жатқан азық-түліктен бас тартуға үйрете бастаған.
Керемет "хош иісті" Алекс кездейсоқ кездестірген - оған музасы, тарбаған (скунс) Салли көмектесіпті. Уақытша әсер ететін, бірақ, тәбеттен айыратын иісті жасап шығаруға 18 ай кеткен.
Егер сіз де арықтағыңыз келіп жатса, "хош иісті" 48 долларға интернет сауда арқылы сатып ала аласыз.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: springofbeauty.com
Л. Лига