- Негізгі бет
- Сымбат
- Тарақты қалай тазарту...
Тарақты қалай тазарту керек?
Шаш саулығы мен сұлулығына адамның өмір сүру салты, тамақтану рационы және сусабын сапасы әсер ететінін білеміз. Сондай-ақ күнде қолданатын тарағыңыздың тазалығы да маңызды. Сондықтан тарақ күтіміне қатысты бірнеше қарапайым кеңес ұсынамыз.
Тарақты күнде қолданғандықтан оған мыңдаған бактериялар, тері майының қалдықтары, шаң және шаш үлгісіне арналған құралдар жиналып қалады. Бұлардың барлығы теріге негатив әсер етіп, ол тітіркенуі немесе қызарып кетуі мүмкін. Мұндай жағымсыз жағдай орын алмас үшін шашқа арналған құралдардың гигиенасына мән беру керек.
Тарақты тазалауда "қаншалықты жиі болса, соншалықты жақсы" ережесін ұсытаныңыз. Мамандар оны аптасына бір рет жууды ұсынады. Тарақты қалай жуу керек?
Сабын мен су
Тарақты жумас бұрын ондағы жиналып қалған шашты қолмен алып тазартыңыз. Содан соң тарақты сабынды ерітіндіге салып, бірнеше минутқа қалдырады. Кей шаш мамандары сабын емес, сусабын қоладанады. Осы сабынды ерітіндіде тарақты және оның тістерін сабындап жуыңыз да, кейін ағып тұрған судың астында шайып алыңыз. Бұл әдіс барлық тарақ түрлеріне келе береді. Алайда ағаш тарақты ерітіндіде ұзақ қалдырмаған жөн.
Ас содасы
1 литр суға 5 ас қасық ас содасын салып араластырыңыз. Пластмасса тарақты мұндай ертіндіде түнге қалдырып, таңертең сумен шайып жіберуге болады. Ас содасы тері майы қалдықтарын және ластықты жақсы тазартады.
Ыдыс жуатын құрал мен антисептик
Ыдысқа су құйып, оған 1 ас қасық ыдыс жуатын құрал мен аздап антисептик құйып араластырыңыз. Содан соң оған тарақты салып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сосын тарақты таза сумен шайып алыңыз.