- Негізгі бет
- Сымбат
- Тамақты асықпай жеу...
Тамақты асықпай жеу арқылы арықтауға болады
Барлығын ретке келтірудің бір тәсілі – асықпай тамақ жеу. Таяуда жүргізілген зерттеулердің бірі осыны дәлелдеді.
Толық адамдар арық жандарға қарағанда тамақты жылдам жейді екен. Осыған орай тамақ жеу жылдамдығының 3 түрі бар: өте жоғары – минутына 90 грамм, орташа – минутына 70 грамм, төмен – минутына 50 грамм.
Мұнымен қатар ерлер мен әйелдер арасында өзгешілік бар. Ерлер түскі ас уақытында минутына 80 калорий тұтынатын болса, әйелдер тек 52 калориі бар тағамды жейді.
Мұның барлығы толық адамдардың көп-күш қуатты талап ететіндігімен, және ол көп күш-қуатты жинау үшін энергияның қажеттілігімен байланысты болса керек.
2007 жылы профессор Кэтрин Мелансон әйелдердің 9 минут ішінде 646 калорий тұтынатынын байқаған, ал дәл сол әйелдерді асықпай жеуге мәжбүрлеген кезде 29 минут ішінде 579 калориі бар тамақ жейтіні анықталған. Яғни әр тістеген сайын үзіліс жасап, 15-20 рет шайнайды. Олай болса, арықтау үшін тағамды асықпай жейік!
Сурет: diet.ru
Қ. Бүйенбай