Шаштың түсуін емдеп қана қоймай, оны қалыңдатуға да септігін тигізетін табиғи маска жасап үйренейік.
1. Пияз маскасы.
Пиязды сығыңыз. Оның 1 ас қасық шырыны мен 1 ас қасық майсана майы қажет болады. 1 шай қасық қырмызыны, спирт тұнбасын, коньякты, бал мен жұмыртқаның саруызын араластырыңыз. Қоспаны басыңызға жағып, целлофаннан жасалған бас киім киіп, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 1-1,5 сағаттан кейін шашыңызды әдеттегідей жуыңыз. Масканы 5-7 күн жасау керек.
2. Ашытқы маскасы.
Жылы сүтке 30-50 грамм ашытқы (құрғақ емес) қосып, қою ботқа күйіне жеткенге дейін араластырыңыз. 40 минутқа жылы жерге қалдыру керек. Оған саруыз, 1 шай қасық бал мен коньяк қосыңыз. Ашытқы маскасын шашқа жағып, целлофанды бас киім мен сүлгіге орап, 2 сағат күтіңіз. Бұл масканы 2-3 күннен артық жасауға болмайды.
3. Қыша маскасы.
2 ас қасық қыша үгіндісін ыстық сумен араластырыңыз. Оған саруыз, 2 ас қасық зәйтүн майын (немесе майсана, ошаған майын пайдалануға болады), 1-2 шай қасық бал қосыңыз. Қоспаны шашыңызға жағып, кем дегенде 15 минут ұстаңыз. Бұл масканы 10 күнде 1 рет пайдалануға болады. Бұл қоспа майлы шаштарға арналған. Аса нәзік терге пайдаланбаған жөн. Егер шашыңыз құрғақ болса, маскаға көбірек май қосу керек.
4. Бұрыш маскасы.
3-4 ас қасық бал мен бір шай қасық ұнтақталған қызыл бұрышты араластырыңыз. Басыңызға уқалап жағыңыз. Сосын целлофанды бас киім киіп, 20-40 минут күтіңіз. Бұл масканы аптасына 1-2 рет қолдануға болады.
5. Дәрумен маскасы.
1-2 ас қасық қырмызы тұнбасы, сол көлемде майсана майы, 1 саруыз, жарты шай қасық А және Е дәрумендерінің ерітінділерін араластырып, қоспа дайындаңыз. Басыңызға жағып, шашыңызды тараңыз. Масканы 2-3 сағат ұстауға болады. Сондай-ақ, маскаға 5 тамшы эфир майын (шаш түсуін иланг-иланг, кедр, мускат жаңғағы, петитгрейн, бей, лаванда, розмарин майлары емдейді) қосуға болады.
Сурет: ©Сұлтан Ахметов
Оқи отырыңыз:
Шаш күтімінің әдістері
Қолаң шашы иығына төгілген...
Шаштың ұшталуын қалай емдеу керек?
Шаштың ұшталуын емдейтін қоспа
Шашыңызды жібектей ететін сиқырлы қоспа