- Негізгі бет
- Сымбат
- Табиғат аясындағы макияж...
Табиғат аясындағы макияж
Көптен күткен жаздың алғашқы күні де келіп жетті. Тау бөктерлері мен өзен жағаларына дем алуға барсаңыз, өзіңізге қаладағыдай күтім жасау керек емес деп ойламаңыз. Әрине салтанатты көйлек киіп, кешкі макияж істеу қажет емес. Алайда, табиғатқа серуенге шыққанда өзіңізбен бірге мына заттарды алып шыққаныңыз жөн:
| Макияж сүртуге арналған сулықтар Олар макияжды экстемалды жағдайларда сүртуге арналған. Соның арқасында табиғат аясына бет терісін жуатын гель, макияж сүртетін сұйықтық пен тоникты арқалап алмасаңыз да болады. |
Құрғақ сусабын Табиғатта бірнеше күн қатарынан болсаңыз, шашыңыз майланып, басыңыз кір болары анық. Ал күнді табиғатта өткізетініңізге қарағанда, бұған көп уақыт керек емес екенін аңғаруға болады. Құрғақ сусабын шашыңызды майлы жылтырдан арылтып, жағымды иіс қалдырады. Оны басыңызға сеуіп, біраз уқалап, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Опа сияқты бұл сусабын өзіне кір мен майды сіңіреді. Сусабын қалдықтарын тарақ көмегімен алып тастаса болады. | |
Қолға арналған антибактериалды гель Өзіңізбен қол жуу үшін бөтелке су мен сабын алғанның орнына, қолға арналған антибактериалды гель алыңыз. Алақанға бір тамшы гель құйып, қолыңызды ысқылап жіберіңіз. Гель қолыңызды кір мен бактериялардан тазартып, тамақ әзірлеуге кірісе берсеңіз болады. | |
Күннен қорғаныс кремі Күн сәулесі ерекше әсерлі болады. Бетіңіз бен денеңізге SPF көрсеткіші қалада қолданатын креміңізден әлдеқайда жоғары кремді жаққан абзал. Егер өзенге шомылып, не бетіңізді, қолыңызды сумен жусаңыз, кремді қайта жағыңыз. Күннен қорғану үшін көзілдірік пен бас киім жайлы да ұмытпаңыз. | |
BB-крем Бетіңіздің түсін жақсарту үшін күнделікті реңк беруші кремді жағатын ба едіңіз? Табиғат аясында отырып, мұны істеу біршама қиын болар. Сондықтан құрамында күнделікті жағатын крем мен реңк беруші кремнің қасиеттері бар BB-крем алғаныңыз жөн. |
Суреттер: beautyinsider.ru, irecommend.ru, ashiontime.ru, ua.oriflame.com
С. А