Сымбаттылыққа 10 қадам

Сымбаттылыққа 10 қадам
Фото: adnancokakli.com

Сымбаттылықты сүйетін адам фитнес, дене жаттығулары секілді жеңіл спорт түрлерін де жақсы көреді. Тіпті, қарапайым жұмыс уақытында да сымбаттылығына мән береді. Олай болса, сымбатты дене бітімін қалыптастыруға бастайтын 10 қадаммен сіз де сымбаттылар қатарына қосылыңыз.

1-қадам
Кеңсе орындықтарынан бас тартыңыз. Оның орнына жұмсақ немесе арқалығы жоқ орындыққа отырыңыз.

2-қадам
Фитнеске арналған шағын құрал-саймандарды (гантель, степпер) кеңсе шкафына салып қойыңыз.

3-қадам
Ұялы телеофныңызға немесе үстел сағатына оятқыш не таймер қойыңыз. Олар жұмыс арасында бой жазып, серігу керектігін есіңізге салып тұрады. Үзіліс 15 минуттан 30 минутқа дейін созылуы керек.

4-қадам
Жаяу жүріңіз. Күніне 10 мың қадам жасауға тырысыңыз, бұл өте маңызды.

5-қадам
Электронды поштаңызды тексеруге белгілі бір уақытты арнап қойыңыз. Күніне 3-4 рет қарауға тырысыңыз, жаңалықтан да құр қалуға болмайды.

6-қадам
Ұялы телефонмен сөйлескен кезде не жұмыстан қол босай қалған уақытта орындықтан тұрып жүріңіз.

7-қадам
Жұмыс компьютеріңізді биік үстелге қойған дұрыс. Тұрып та жұмыс жасап көрген жөн.

8-қадам
Жұмыс барысында кітап оқып отырсаңыз, телефонмен сөйлессеңіз, шағын гантель көтеріп отырыңыз. Егер кеңседе гантель көтерген біртүрлі көрінсе, гантельді суға толы 0,5 литрлік екі бөтелке алмастырыңыз.

9-қадам
Жүріп жүрген кезде, жұмыста отырған кезде әуендерді құлаққап арқылы тыңдап отырыңыз. Музыка – орындалып жатқан істі тездетеді.

10-қадам
Өзіңізбен бірге кроссовка немесе жеңіл, ыңғайлы аяқ киім ала жүріңіз. Дүкенге, асханаға барар жолда сол аяқ киіміңізді киіп, жүгіріп қайтсаңыз да артық етпейді.

Г. Берік