Әдетте соданы біз тағам пісіргенде, ыдыс-аяқ тазалағанда, үстел сүрткенде пайдаланамыз. Алайда бұл оның қызметінің шегі емес. Олармен қатар соданы сыртқы келбетімізді күтуде де қолдануға болады.
Сусабын. Шашқа себетін әртүрлі лак, мусстардың пайдасынан зияны артық. Олар көбіне шашымызда, басымыздың терісінде қалып қалады. Сода мұндай басымызды қалдықтардан тазартады. Соданы аз көлемдегі сумен араластырып, басыңызға жағыңыз. Содан соң жақсылап жуып тастаңыз. Сондай-ақ сусабыныңызға осы соданы қосуға болады. Бұл қоспаны аптасына бір реттен артық қолдануға болмайды.
Бетке арналған скраб. Нәзік теріге де зақым келтірмейтін сода рН-ді қалыпқа келтіруге көмекші. Бетіңізді сулап, аздаған суға сода қосыңыз. Бұл қоспаны бетіңізге уқалап, жағыңыз. Көзіңіздің айналасына тигізбегеніңіз дұрыс. Ол жер тым нәзік келеді. Ал бет, маңдай және иегіңізге жақсаңыз, өлі теріден құтылып, теріңіз жұмсарады. Бұл әдісті аптасына бір мезгіл жасау жеткілікті.
Денеге арналған пилинг. Жоғарыда аталған скраб секілді соданы дене терісін жаңартуда пайдалануға болады. Душқа арналған гель немесе денеге арналған скрабқа сода қосып, араластыруға болады.
Егер теріңіз құрғақ немесе нәзік болса, бұл рецептілерді сәл өзгертуге болады. Соданы сумен емес, сүтпен араластырыңыз. Егер балға аллергияңыз болмаса, бактерияға қарсы шара ретінде, бұл қоспаға балды да қосуға болады.
Педикюр. Биік өкшелі аяқ киімді жиі киетін бикештер ауыр күннен кейінгі аяқтың күйін жақсы біледі. Аяқ өкшесі қатайып, тіпті, аяқ қажалып та кетеді. Содамен орау жасап тұруыңыз керек. Сода мен су араластырып, ылғал аяғыңызға бір қабат етіп жағыңыз. Жылы сүлгімен аяғыңызды орап қойыңыз.
Жылы суға 3 ас қасық сода араластырып, 5-10 минут отырыңыз. Содан соң скрабты пайдаланып, теріні жаңартып, ылғалдандыруға кірісіңіз. Кез келген ылғалдандыратын иісмайды пайдаланып, толық күтім жасаңыз.
Маникюр. Сода ерітіндісі тырнақ айналасындағы теріні жаңартады.
«Детокс» ваннасы. Ваннаға ас содасын қосыңыз. Натрий теріден артық заттарды шығарып, денеңіз сергіп, тазарады. Жарты стақан соданы ваннаға салып, натрий қосыңыз. Теріңіз жұмсарып, жаңарып қалады.
Ауыр күннен кейін шаршап келгенде, босаңсытып, сергітетін ванна. 4 ас қасық ас содасы, 200 грамм қою бал, 400 грамм сүт, 16 ас қасық теңіз немесе ас тұзы, 100 грамм балға арналған сабынын ваннаға саламыз. Алдымен, сода, бал, сүт пен тұзды бөлек құтыға салып, араластырамыз. Бұл қоспаны жылы суға толы ваннаға құйып, сабынды саламыз. Қолыңызбен суды араластырыңыз. Ванна қабылдауға дайын!
Құрғақ сусабын. Шаш жууға уақытыңыз жоқ па? Ас содасын шашыңызға, бас терісіне себіңіз. Сода майлы сіңіріп алады. Шашыңызды жақсылап тараңыз. Содаға қалаған эфир майынан бірнеше тамшы қосуға болады.
Тісті ағарту. Соданың тіс ағартатын қабілеті бар екені бәрімізге мәлім. Аптасына бір рет тісіңізді содамен тазартуға болады. Тісті ағарту үшін содамен кем дегенде 5 минут жуу керек, содан соң кәдімгі пастамен жуып тастайсыз.
Тазарту. Сонымен қатар сода майды жақсы кетіреді. Сондықтан тарақ, щетка, спонждарыңызды содамен тазалауға болады. Кішігірім құтыға бір шай қасық сода салып, тарағыңызды тазалап, жуыңыз. Май, кір, гель, лактардан қалған қалдықтарды жақсылап тазартады.
Сурет: cookcookmom.net
Оқи отырыңыз:
Шұңғылшадағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады?
Сірке қышқылының көмегімен жағымсыз иісті кетіру
Ауа тазартқышты қолдан жасау