- Негізгі бет
- Сымбат
- Сымбатты болу үшін...
Сымбатты болу үшін
Қыздың көңіл-күйі неге байланысты? Өзін қаншалықты әдемі деп санайтындығына. Айнаға қарап, өзіңіздің әдемі екеніңізді көріп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Айнадан үнемі әдемі болып көріну үшін, сымбатқа мән беріп жүру керек. Сондықтан әрқашан сымбатты әрі әдемі болып жүруге мүмкіндік беретін өмір ырғағын таңдаңыз. Сымбатты болудың ережелерін ұсынамыз.
1. Адамдарды бақылап, олардың іс-әрекетіне сараптама жасаңыз. Мысалы, мейрамханада қыздар қандай тапсырыс береді, қандай жылдамдықпен тамақтанады және қанша тамақ ішеді деген сияқты жағдайлар. Осыдан толық адамдар мен сымбатты адамдардың тамақтануындағы айырмашылықтарды білуге болады.
2. Үнемі салмақ өлшеудің қажеті жоқ. Егер сіз салмақ тастап жатқаныңызды байқамасаңыз, салмақ тастауға тырысуды да тоқтатасыз, себебі еш өзгеріс жоқ деп ойлайсыз.
3. Отбасыңызға дастархан дайындасаңыз, тамақты үлеспен бергеніңіз дұрыс. Сол кезде сізде қосымша тамақ ішуге құлшыныс болмайды. Ал отбасыңыздың басқа мүшелері қосымша тамақты ас үйден ала алады.
4. Өзіңізге тым қатты шектеу қоймаңыз. Кез келген тамақты жеуге болады, тек аз көлемде. Ал егер сіз кейбір тағамдарды пайдаланбайтын болсаңыз, онда оларға деген құлшынысыңыз артып кетеді.
5. Тамақтанып отырғанда теледидар қарамағаныңыз жөн. Айналадағы нәрселерге көңіл бөлмесеңіз, тамақтың дәмін толықтай сезінесіз. Сондықтан қосымша тамақ ішу қажет болмай қалады.
6. Белсенді болуға тырысыңыз, отбасылық, қоғамдық өмірге араласып тұрыңыз. Кей кездерде адамдар айналысатын ештеңе болмағандықтан, жиі тамақтана берді. Айналысатын қызықты дүниелер табылады.
7. Азық-түлікті көз алдыңызға қоймауға тырысыңыз. Олар көзіңізге көрінбесе, сіз тамақтануды ойламайсыз.
8. Асты жақсылап шайнау керек екенін ұмытпаңыз, 20 реттен кем болмау керек. Бұл тамақтың дәмін сезіну үшін қажет.
9. Тамақтану уақытын өзгертпеу керек. Сымбатты болудың ең басты шарты осы.
10. Тамақтанып болған соң, мүмкіндігінше міндетті түрде тісіңізді жуыңыз. Ауыз қуысында тамақтың дәмі қалмаса, қосымша тамақ туралы да ойламайсыз.
11. Қандай да бір тойға шақырылған болсаңыз, ол жаққа бармай тұрып тамақтанып алыңыз. Бұл - тамақтың көптеген түрлерін көргенде өз-өзіңізді ұстау үшін қажет.
12. Азық-түлік алуға барарда тізім жасап алыңыз. Тізімде жоқ нәрсені алмаңыз.
13. Тамақтанғыңыз келіп тұрғанда азық-түлік алуға бармаңыз. Мұндай сәттерде су ішіп жүре тұрыңыз немесе жаттығу жасаңыз.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: timelady.ru
Г. Бакытбекова