- Негізгі бет
- Сымбат
- Сымбатты болғыңыз келсе......
Сымбатты болғыңыз келсе...
Егер көпшіліктің сымбатыңызға тамсанғанын қаласаңыз, үздіксіз жаттығу жасап тұрыңыз. Ол үшін аяғыңыз бен кеудеңіздің бұлшық еттерін төмендегі жаттығулардың көмегімен қатайтуға болады:
Ағаш орындыққа отырып аяғыңызды ауыр әрі ыңғайлы затпен бастырып, 45 градусқа шалқайыңыз. Содан кейін қолыңызға штанганың дөңгелектерін алып, кеудеңізді екі жаққа кезегімен бұрыңыз. 4 амалды 8 реттен орындаңыз.
Екінші жаттығу – тізе бүгу жаттығуы. Шалқаңыздан жатып қолыңызды басыңызға апарыңыз, ал аяқтарыңызды тізеңізге бүгіңіз. Бүгілген тізеңізді кеудеңізге жеткізіп, еденге тигізіңіз. Осыдан кейін бастапқы қалыпқа келіп, жаттығуды басынан бастаңыз. Мұнда да 4 амалды 8 реттен орындаңыз.
Үшінші жаттығу «отыншы» деп аталады. Оны орындау үшін аяқтарыңызды иық жалпақтығына сәйкес, ал қолдарыңызды алдыңызға ұстаңыз. Осы қалыпта аяқтарыңызды сол орнынан қозғалтпай екі жаққа кезегімен кеудеңізді бұрыңыз. Бұл жаттығуда да 4 амалды 8 реттен орындаңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай